қазақша english русский
Жаңалықтар

Бас директоры инженерлік-техникалық қызметкерлермен кездесті

19-26 шілде аралығында «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директоры Бекзат Абайылданов Қоғамға қарасты өндірістік басқармалардың инженерлік-техникалық қызметкерлерімен кездесті.

Кездесуге Бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары Есен Өтеев, Бас директордың транспорт және әлеуметтік сұрақтар жөніндегі орынбасары Мақсат Ибағаров, Кәсіподақ комитетінің төрағасы Наурыз Сақтағанов және Қоғам басқармасының мүшелері, басқарушы директорлар мен департамент директорлары қатысты.

Кездесуде «Өзенмұнайгаз» АҚ-ының 2015-17 жылдардың 6 айының қорытындысы бойынша салыстырмалы өндірістік, әлеуметтік, қаржылық-шаруашылық қызметінің есебі, Компанияның қазіргі таңдағы тыныс-тіршілігі және алдағы 5 жылдық жоспарлары таныстырылды.

Сонымен қатар, қызметкерлер тарапынан сан алуан сұрақтарға жауап берілді, пікір алмасулар өтті.

«Алдағы кезеңдерде де еңбек ұжымдарымен жиі кездесіп, атқарылған жұмыстар мен  жоспарларды әңгімелеп, ағымдағы өндірістік мәселелерді талқылап отыруды көздеп отырмыз. Ішкі коммуникация бойынша еңбек ұжымдарымен кездесулер, сұрақ-жауаптар корпоративтік басылымда жарияланып отырады» деді жиын барысында Бекзат Абайылданов.