қазақша english русский
Жаңалықтар

45 мұнайшы зейнеткерлікке шықты

«Өзенмұнайгаз» АҚ 45 қызметкерін зейнеткерлік демалысына жіберді. Кен орынның игерілуіне өз үлестерін қосқан мамандарды басшылық зор құрметпен шығарып салды. Шақырылған 250 адамның  205-і компанияда қызмет етіп, әр жылдары зейнеткерлікке шыққандар болса, қалғаны жуық арада көп жылдық еңбектерінің құрметті демалысына аттанып жатқандар болды.

«Өзенмұнайгаз» АҚ бас директоры Б.Абайылданов жиын барысында:«Жас кезінде бейнет бер, қартайғанда зейнет бер» - дейді дана халық. Мінекей, сіздер сол мұнай өндірісіндегі қиын да қатал бейнетті күндеріңізді артқа тастап, зейнеткерлікке шығып бара жатырсыздар. Компанияның өрлеу кезеңдерінен сіздердің қолтаңбаларыңызды анық танимыз. Сіздерге мықты денсаулық, ұзақ өмір және шаңырағыңызға қуаныш пен шаттық тілеймін» деп ақ тілегін жеткізді.

Сондай-ақ жиын барысында барлық зейнеткерлерге сыйлықтар табыс етіліп, алғыс хаттармен марапатталды. Олар да өз тараптарынан разылықтары мен ақ тілектерін жаудырып жатты. Жиналғандардың жаңаөзендік өнерпаздар ән, күймен көңілдерін көтерді.