қазақша english русский
Жаңалықтар

2017-2019 жылдарға арналған Ұжымдық шарт қабылданды

«Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамының, «Өзенмұнайгаз» АҚ жұмыскерлерінің және «Өзенмұнайгаз» жұмысшыларының жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің арасындағы 2017-2019 жылдарға арналған Ұжымдық шарт қабылданды.

Еңбек ұжымдарында талқылаудан өткен Ұжымдық шарт жобасы Жұмыс беруші және Кәсіподақ комитеті мүшелерінен құралған біріккен комиссияда қаралып, құжат бекітілді.

Тараптар мақұлдаған құжатқа «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директорының міндетін уақытша атқарушы Есен Өтеев пен «Өзенмұнайгаз» жұмысшыларының жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі төрағасы Наурыз Сақтағанов қол қойды.