Рус

Жаңалықтар

Нәсіпқали Әбуғалиұлы Марабаевқа құрмет көрсетілді

Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ардагер-мұнайшы, Жаңаөзен қаласының құрметті азаматы Нәсіпқали Әбуғалиұлы Марабаев тірі болғанда 80 жасқа толар еді... Маңғыстаудың өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан арысты еске алу шарасы «Бұрғышылар» аллеясына гүл шоқтарын қоюдан басталды. Нәкеңнің елмен бірге тыныстап еңбек етіп жүрген кезде тұрған үйіне естелік-тақтайша орнатылды. Салтанатты шара «Мұнайшы» мәдениет сарайында өткізілген ғылыми-конференциямен жалғасты. Мерекелік жиын Өзен кенорнының әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан Нәсіпқали Марабаевтің еңбек жолын баяндайтын бейнефильмнен басталды. Марқұмның досы Орал Ақшолақов Нәкеңнің ерлікпен пара-пар еңбек жолына шолу жасады. «Халық аман тұрғанда Нәкеңдей ұлтжанды азаматтың елі мен жері үшін сіңірген еңбегі ешқашан ұмытылмақ емес»-деді ол. Сондай-ақ, «Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамы бас директорының транспорт және әлеуметтік сұрақтар жөніндегі орынбасары Мақсат Ибағаров салтанатты шараға қатысты.

Жерлестерінің құрметіне риза болған Нәкеңнің бәйбішесі Ләйла Оқанқызы «Сіздердің қошеметтеріңіз бен риясыз құрметтеріңізге шексіз алғысымды білдіремін. Отағасым тіріліп келгендей толқып тұрмын»-деп көзіне жас алып, ел азаматтарына ризашылығын білдірді.

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы