Рус

Жаңалықтар

Үздік маман-2017

Қыркүйек айында өткен «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы ұйымдастырған «Үздік маман-2017» байқауына қатысып, жүлделі орынға ие болған бір топ өзенмұнайгаздық мұнайшылар және байқауға қатысқан азаматтарға тәлімгерлік көрсеткен бірқатар қызметкерлер бас директор Бекзат Абайылдановтың алғыс хаты және бағалы сыйлықпен марапатталды.

«Құрметті байқау жеңімпаздары! Сіздерді «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» шығып, үздік мамандар қатарына енуіңізбен шын жүректен құттықтаймын. Маңдай тер, үлкен дайындықпен келген бұл жүлдеңіз өз жұмысыңызға деген сүйіспеншілігіңіздің нәтижесі деп білеміз. Сіздердің жеңіс тұғырына көтерілуіңіз - компаниямыздың шеберлер ұстаханасы екендігінің айғағы. Баршаңызды жүлделі орындарыңызбен құттықтаймын»-деді шараға қатысқан бас директор Б.Абайылданов.

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы