Рус

Жаңалықтар

«Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамы Жас мамандар кеңесінің ұйымдастыруымен «Өзенмұнайгаз аруы-2017» байқау болып өтті

Байқауға Ақтоты Темірбек (орталық аппарат), Диана Қамысбаева (орталық аппарат), Ләззат Сұлтанова (№1 МГӨБ), Гүлмира Алдабергенова (№3 МГӨБ), Әйгерім Тарапыева (ӨТҚжЖЖБ), Әйгерім Өрбісінова (ТТБ), Жібек Әсенова (БЖБ) қатысты.

Байқауда қатысушылар өзін-өзі таныстырды, би биледі, сұрақтарға жауап берді.

Қазақтың ұлттық киімін киіп сахнаға шыққан қыз-келіншектерді талантты әнші Ерлан Жұматов «16 қыз» әнімен таныстырып шықты... «Маған байқау қатты ұнады. Әрине, сайыс болған соң, біреудің жеңіп, біреудің жеңіліс табуы-заңдылық. Әйтсе де, қыз-келіншектеріміз өте жақсы дайындалғаны көрініп-ақ тұр. Мүдірген, кідірген болмады. Қазылық жасау өте қиынға соқты. Осындай керемет байқау ұйымдастырған Жас мамандар кеңесіне жеке өз атымнан шексіз алғысымды білдіреді. Болашақта осындай шаралар жалғасын тапса, нұр үстіне нұр болар еді»-деді әділқазылар төрағасы Жеңіс Жарылғапов. Әділқазылар алқасының шешімімен бас жүлдеге Гүлмира Алдабергенова (№3 МГӨБ), І орынға Диана Қамысбаева (орталық аппарат), ІІ орынға Ләззат Сұлтанова (№1 МГӨБ), ІІІ орынға Әйгерім Өрбісінова (ТТБ) лайық деп табылды. Әйгерім Тарапыева «Көрермен көзайымы» номинациясына ие болды. «Маңғыстау ханшайымы-2017» жүлдесінің иегері Сәнім Мұратова тәжін Гүлмира Алдабергеноваға кигізді. Жүлделеріңіз құтты болсын, әріптестер!

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы