Рус

Жаңалықтар

Үшжақты меморандумға қол қойды

Жаңаөзен қаласында орта және шағын бизнесті қолдауды дамыту үшін бүгін «Нұр-Капитал» жобасының тұсауы кесіліп, Маңғыстау облысының әкімі Е.Тоғжанов, «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директоры Б.Абайылданов, «Даму» қорының МОФ директоры Б.Нұрғалиев үшжақты меморандумға қол қойды.

Бағдарламаны қаржыландыру «Даму» қорының және «Өзенмұнайгаз» АҚ жер қойнауын пайдалану келісім-шарты аясында жергілікті атқарушы органға беретін қаражаттары есебінен жүзеге асырылатын болады. Қаржыландыру көлемі: бағдарлама бойынша жалпы сомасы – 1 млрд. 50 млн. теңгені құрайды. Оның ішінде, «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның 350 млн. теңге, «Даму» қорының қаржысы - 700 млн. теңге.

«Орта және шағын бизнеспен айналысамын деген әрбір азаматқа толықтай мүмкіндік жасалынып отыр. Үш жақтың қатысуы арқылы жүзеге асатын бағдарламаны бастауға әзірміз. «Өзенмұнайгаздан» алынатын ақшаның 350 млн. теңгесі «Даму» қорына қайтарымды негіздегі несие ретінде беріледі. Өз кезегінде «Даму» қоры екі еседен көп қаражат бөледі. Нәтижесінде барлығы 1 млрд. 50 млн. теңгені жергілікті кәсіпкерлердің жобаларын қаржыландыруға жұмсаймыз» – деді Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов.

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы