Рус

Жаңалықтар

Жаңа бастама, жаңа белес!

"Өзенмұнайгаз" АҚ Жас мамандар кеңесінен құралған зияткер жастар тобы Астана қаласында өткен "Prime Games" зияткерлік сайысының тұңғыш шарасына қатысты.
Шара "Әлеуметтік өзара ықпалдастық және коммуникациялар орталығы" - ның #cscc (Центр социального взаимодействия и коммуникаций) ұйымдастыруымен "Самұрық Қазына" ҰӘҚ АҚ компаниялары арасында болды.

Барлығы 13 команда қытысқан бұл дүбірлі додада "Өзенмұнайгаз" АҚ құрамасы жүлделі орын алмағанымен, жігер мен қайсарлық танытып, көпшілік ықыласына бөленді.

Шараға команданың қатысуын қолдаған Компаниямыздың әлеуметтік сұрақтар және транспорт жөніндегі директордың орынбасары Мақсат Оңғарбайұлына, компания атынан қатысуға мүмкіндік берген Ербол Исмаилов мырзаға ерекше алғыс білдіреміз.

Сонымен қатар атап өтер тағы бір жәй ол - біздің компаниямыздың жас маманы, "Ой-дода" зияткерлік сайысының ұйымдастырушысы Bauyrzhan Berdibaiuly Baiimbet сайысты жүргізу мәртебесіне ие болды.

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы