Рус

Жаңалықтар

«Ой-дода» интеллектуалдық танымдық ойны мәреге жетті

Жас мамандар кеңесінің ұйымдастыруымен өткен «Ой-дода» интеллектуалдық танымдық ойны мәреге жетті. «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» демекші, ойынға қатысқан потенциалы мықты командалар жүлделі орынға ие болды.

Нақтырақ айтатын болсақ, бас жүлдеге №3 МГӨБ командасы, І орынға №5 СҚКБ командасы, ІІ орынға аппарат басқармасы командасы, ІІІ орынға №1 МГӨБ командасы ие болды. Жеңісбек Сүлейменов, Ерлан Тағаев, Ержан Бекжанов, Нұрлан Нұрымовтар «Үздік ойыншылар» болып танылып, дипломмен марапатталды. Жұртшылықпен байланыс департаменті директоры Әділ Сүйебай «2017-жыл №3 МГӨБ жылы болды. Қазақта «асықтың алшы түсуі-иірушісіне байланысты» деген нақыл бар. №3 МГӨБ үнемі алдыңғы қатардан көрінуі-басқарма директоры Жеңісбек Сүлейменовтың үлесі зор екені сөзсіз»-деді. Адами капиталдың өзегі-кітап екендігін жақсы түсінетін Бауыржан Бәйімбетов жүлдегерлерге сыйлық ретінде кітап пен қамшы сыйлап тұрып Сабыр Адайдың «аз халыққа көп білім керек» деген сөзіне тоқталып өтті.

«Адамның келбеті,киімі,жан дүниесі,ойы-бәрі әдемі болуға тиіс»-екендігін айтады орыс жазушысы Антон Чехов. «Миды дамытып, үнемі қорек беріп, компания қызметкерлерінің өзара ынтымағы мен сыйластығын арттыратын осындай ойындар жиі өткізіліп тұратын болса, нұр үстіне нұр болар еді»-дейді додаға қатысушылар.

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы