Рус

Жаңалықтар

Тәуелсіздік мерекесі атап өтілді

16-желтоқсан - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне орай өзенмұнайгаздық бір топ азаматтар «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, сондай-ақ, «ҚазМұнайГаз» ҰК, «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ, «Өзенмұнайгаз» АҚ-ының Құрмет грамоталарымен, ескерткіш белгілерімен, алғыс хаттарымен марапатталды. Мұнайшыларды бас директордың транспорт және әлеуметтік сұрақтар жөніндегі орынбасары Мақсат Ибағаров және кәсіподақ ұйымының төрағасы Наурыз Сақтағанов құттықтады.

«Әлемде 5 мыңнан астам ұлт пен ұлыс мекендейтін болса, соның 200-і ғана тәуелсіздікке ие. Тәуелсіздік - біздің басты қазынамыз! Бұл елдің қолына зарықтырып барып қонған Бақыт құсы. Біз үшін одан биік, одан мәртебелі мұрат жоқ. Бар қазаққа оны көздің қарашығындай сақтау міндет! Баршаңызды ұлық мерекемен құттықтаймын»-деді М.Ибағаров.

Салтанатты жиын «Керуен» тобы мен әріптесіміз Жаңыл Қойшыбаеваның патриоттық тақырыптағы әндерімен әдіптелді.

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы