Рус

Жаңалықтар

Жаңа нысан пайдалануғы берілді

«Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамына қарасты №2 Мұнай газ өндіру басқармасында №6 Топтық қондырғыда 15 адамға арналған тұрмыстық-шаруашылық кешен пайдалануға берілді.

Нысанның салтанатты ашылу рәсіміне Жұртшылықпен байланыс департаменті директоры Әділ Сүйебай, №2 Мұнай газ өндіру басқармасының директоры Гайдар Каналиев қатысып, топтық қондырғы ұжымына ізгі тілектерін білдірді.

«Жұмыскерлердің еңбек жағдайын жақсарту, әлеуметтік-тұрмыстық бағыттағы жұмыстарды жетілдіру мақсатында көптеген жұмыстар атқарылып жатыр. 2009 жылдан бері мұнайшылардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту бағдарламасы аясында 32 тұрмыстық-шаруашылық кешен, 10 асхана, 75 модулдік операторлық ғимарат іске қосылды. Алдағы уақытта да бұл жұмыстар өз жалғасын табады» деді өз сөзінде Ә.Сүйебай.     

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы