Рус

Жаңалықтар

Өзенмұнайгаздықтар Наурыз мерекесін тойлады

«Өзенмұнайгаз» АҚ-ы еңбек ұжымы Наурыз мерекесін атап өтті. 

Шараға Жаңаөзен қаласының әкімі Әділбек Дауылбаев, «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ бас директоры Құрманғазы Есқазиев, «Өзенмұнайгаз» АҚ директоры Бекзат Абайылданов қатысып, көпшіліктің қуанышына ортақтасып, Наурыз мерекесімен құттықтады. «Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Мереке әрқайсымызға жаңару мен тазару, отбасымызға жақсылық пен молшылық, ырыс пен құт-береке әкелсін. Ақ мол болсын! Той тойға ұлассын!»-деді «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ бас директоры Құрманғазы Есқазиев. Мерекеге орай компанияның бір топ жұмыскерлері «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ, «Өзенмұнайгаз» АҚ, қала әкімінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

Сахна төрінен маңғыстаулық әншілер Айгүл Қосанова мен Ақылбек Жеменей әннен шашу шашты. Мереке соңы сайдың тасындай мұнайшы жігіттердің қатысуымен арқан тарту, зіл тасын көтеру, ләңкі тебу, асық ату, аударыспақ сияқты ұлттық ойындарға ұласты.

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы