Рус

Жаңалықтар

Сардарларға құрмет көрсетілді

11 мамыр, 2018

Бұрғылау жұмыстары басқармасы басшылығы (Мәжит Құрманов пен Қанат Егізғарин) 7-мамыр Отан қорғаушылар күні мерекесіне орай басқармада жұмыс жасайтын Ауған соғысы және тәжік-ауған шекарасы қақтығысына қатысқан 13 қызметкерге мерекелік дастархан жайып, ізгі тілектерін білдірді.

Жастық шағын Ауғанстан тауында жан алып, жан беріскен аламат соғыста өткізіп, әбден шыңдалып қайтқан азаматтар басшылық тарапынан көрсетілген құрмет пен қошеметке дән риза болып, алғысын білдірді.

Бас қосуда жігіттер бір-бірін көріп, жолығысып «ауғанша» әңгімелесіп, қайтыс болған қаруластарын еске алды.

Өскелең жас ұрпақ олардың ісі мен ерлігін бағалап, мәніне жете бойласа нұр үстіне нұр болар еді...

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы