Рус

Жаңалықтар

Әріптестерімізді құттықтаймыз

17 мамыр, 2018

Әріптесіміз Күмісай Тәжмағамбет 942 дауыспен «Самұрық-қазына аруы» байқауынан топ жарып, «Самұрық-қазына екінші вице аруы-2018» титулын иемденіп, 50.000 теңгелік сертификат алды. Гүлжия Тайжанова «Конгениальность аруы» атағына ие болды. Өзінің ерекшелігімен, өзгешелігімен көзге түскен Гүлзия ұйымдастыру комитетін тәнті етті.

Қыз-келіншектердің заты нәзік болғанымен, психологиялық тұрғыдан өте мықты болып келеді... Аруларымыздың қиялы шексіз, ал шығармашылық қабілеттері одан да керемет! Қазақ қыз туса «өрісім кеңейді» деп қуанады. Өріс бар жерде, кеңістік бар, кеңдік бар, өмір үшін күрес бар...Қыз-келіншектер жүрген жерде жарасым бар, шаттық бар! Махаббат бар, бәрі бар... Аяулы арулар! Жеңістеріңіз құтты болсын! Бұл тек сіздердің жеңістеріңіз емес, «Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамының жеңісі! Алар асуларыңыз, бағындырар шыңдарыңыз көп болсын!

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы