Рус

Жаңалықтар

Жайдарман көтеріңкі көңіл-күй сыйлады

Жаңаөзен қаласының 50 жылдық мерейтойына орай «Өзенмұнайгаз» АҚ мұнайшылары арасында «Жас келсе, іске!» деген тақырыыппен Жайдарман ойны өтті.

Ойынға төрешілік еткен «ӨМГ» АҚ Әлеуметтік әкімшілік департаменті директоры Тарас Алеуединов, Персоналды басқару және дамыту директоры Ермек Көптілеев, ардагер-жайдарманшы Мақсат Оңайбаев, «Қазақстан-Жаңаөзен» телеарнасының журналисі Айнұр Махамбетова, Жас мамандар кеңесінің төрағасы Бауыржан Бәйімбетов күлкі дәруменіне қарық болды.

Экс-жайдарманшы Мақсат Оңайбаев «№1,3 МГӨБ командалары өз деңгейінен көріне алмады. Жігіттерге босаңсымау керек. Әңгіменің санда емес, сапада екенін дәлелдеген 2 жігіттен тұратын АжТБ командасына риза болдым. ХжЭБ ұнады. ТТБ бүгін жақсы ойнады»-деді.

Бас жүлдені ӨЭМБ, 1,2,3 орындарды АжТБ, ТТБ, №3 СҚКБ командалары алды. №1,3 МГӨБ командаларына кәсіподақ жүлдесі мен көрермен көзайымы номинациясы табысталды. ХжЭБ командасынан Қайрат Аманқосов ойынның үздік ойыншысы болды.

Жүргізуші Арғынбек Қалбай алтын уақытын бөліп Жайдарманға келген көрермендер мен қазылар алқасына алғыс білдірді.

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы