Рус

Жаңалықтар

№1 СҚКБ ауызашар ұйымдастырды

Ауыз бекітунің үлкен сауап, оны құрметтеу, ауыз аштыру-ораза ұстаушымен бірдей сауап алатынын жақсы түсінетін №1 Скважиналарға қызмет көрсету басқармасы еңбек ұжымы ораза ұстаушы әріптестеріне арнап,  «Бастау» қонақ үйінде ауызашар дастарханын жайды.

«Бәрімізді жарылқаушы, қорғаушы, мейірімі шексіз Алланың қалауымен Рамазан айына да келіп жеттік. Бұл айда Алланың сансыз сауаптарынан үмітті адам сабыр мен төзімділікті өзіне серік етеді. Ал сабырлықтың сыйы-жәннат»-деді басқарма директоры Болат Бекжанов.

Игі шараға ауыз бекіткен мұнайшылар түгелдей жиналды. Ораза айында айтылған, бір тілек міндетті қабыл болады деген болса, ұжымдастар бір-біріне жақсы тілектерін айтты. Бір мезгілде қол жайылып, дұға жасалды. Игі шарада мұнайшылар ЖБД маманы Арғын Бисенов айтқан пенделердің бір-бірін құрметтеуге, сыйластықта өмір сүруге шақыратын   хисса, хадистерін тыңдап рухани байып қайтты.

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы