Рус

Жаңалықтар

ӨТҚжЖЖБ еңбек ұжымы ауызашар берді

Қасиетті рамазан айындағы ауызашар дәстүрі ӨТҚжЖЖБ еңбек ұжымында жалғасты. Ауызашарға бас директордың транспорт және әлеуметтік сұрақтар жөніндегі орынбасары Мақсат Ибағаров бастаған бір топ басшы азаматтар қатысты.

Алла тағала Құранда  «жақсылық істеуге жарысыңдар»- деп көрсетсе, бұл игілікті іс парыз бен сүннет қатар орындалған сауапты шара болмақ.

Қашан күн батса, ауыз ашуға асығыңдар деген емес пе?! Ауышарға жиналған мұнайшылар осы мекемеден зейнеткерлікке кеткен Қонарбай ақсақалдың батасымен ауыз ашып, дұға жасады.

«Рамазан-дұғалар кері қайтарылмайтын ай. Ораза-жан мен тәнді рухани тазартатын үлкен сабыр мектебі. Ел ертеңі үшін қызмет етіп жүрген ел азаматтарының амандығын тілейік!»-деді басқарма директоры Зәуреш Сақтағанқызы.

                  

 

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы