Рус

Жаңалықтар

Спартакиадалық сайыс өз мәресіне жетті

Ә.Тұяқов атындағы дене шынықтыру және сауықтыру стадионында өткен салтанатты шарада «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директорының транспорт және әлеуметтік сұрақтар жөніндегі орынбасары Мақсат Ибағаров пен кәсіподақ төрағасы Наурыз Сақтағанов жеңімпаздарды құттықтап, марапаттарын тапсырды.

- Спорт – елдің мерейін өсіріп, абыройын асқақтататып қана қоймай, дені сау ұлттың қалыптасуына себепкер бірден-бір сала. «Өзенмұнайгаз» АҚ салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту, жұмыскерлерді дене шынықтырумен жүйелі түрде айналысуға тарта отырып, ұжым ішіндегі ауызбіршілікті нығайту бағытындағы жұмыстарды ұдайы жүргізіп келеді. Дәстүрге айналған мұнайшылар спартакиадасында жұмыскерлеріміздің қызығушылығы өте жоғары. Бұл өте жақсы көрсеткіш, - деді Мақсат Оңғарбайұлы.

Шілде айының 29-да басталып, екі аптаға созылған спорт додасында «Өзенмұнайгаз» АҚ, «Өзенмұнайсервис» ЖШС, «ҚазГӨЗ» ЖШС, «Кен-Құрылыс-Сервис» ЖШС, «KMG-Catering» ЖШС және «СӨТБ» ЖШС командалары шағын футбол, баскетбол, волейбол, жүзу эстафетасы, жүгіру, арқан тарту және эстафета секілді спорт түрлерінен сайысты.

Қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын насихаттап, бұқаралық спортты дамыта отырып, ұжым бірлігін арттыруды мақсат еткен спартакиадаға 700-ден астам адам қатысты.

Жалпыкомандалық есепте І орынды бабы мен бағы қатар шапқан №1 МГӨБ иеленсе, ІІ орынға №3 МГӨБ, ІІІ орынға №4 МГӨБ тұрақтады.

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы