Рус

Баспасөз хабарламалары

«Өзенмұнайгаз» АҚ жаңа басқару төрағасының сайланғаны жөнінде (бас директордың) және Қоғам Басқармасы құрамының өзгерісі туралы мәлімдейді

Жаңаөен қаласы. 5 шілде 2017 ж. «Өзенмұнайгаз» АҚ (ары қарай-«ӨМГ»АҚ, «Қоғам») жаңа басқару төрағасының сайланғаны жөнінде (бас директордың) және Қоғам Басқармасы құрамының өзгерісі туралы мәлімдейді.

Берілген өтініштеріне байланысты мерзімінен бұрын басқарма төрағасының (бас директордың) «ӨМГ»АҚ Хасанов Дәулетжан Кеңесұлының, сонымен қатар Бас директордың бірінші орынбасары Елеусінов Қайырбек Сағынбайұлының құзіреттілігі тоқтатылды.

Қоғам Директорлар Кеңесінің шешіміне орай, жаңа басқарма төрағасы болып (бас директор) «ӨМГ» АҚ «ҚазМұнайГаз» БӨ»АҚ бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Абайылданов Бекзат Қалышбекұлы сайланды.   Осыған орай, Қоғамның басқарма құрамында төмендегідей өзгерістер болды. Бас директордың транспорт және әлеуметтік сұрақтар жөніндегі орынбасары болып Ибағаров Мақсат Оңғарбайұлы тағайындалды. Транспорт жөніндегі басқарушы директор болып Бәшенов Айтқали Өтебайұлы тағайындалды.

5 шілде 2017 жылғы «ӨМГ» АҚ Басқарма құрамының жай-күйі:

  • Абайылданов Бекзат Қалышбекұлы, бас директор (басқарма төрағасы);
  • Өтеев Есен Оғланұлы, бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары;
  • Ибағаров Мақсат Оңғарбайұлы, бас директордың транспорт және әлеуметтік сұрақтар жөніндегі орынбасары;
  • Пангереева Шолпан Серікбайқызы, бас директордың геология және игеру жөніндегі орынбасары;
  • Балуанов Жасұлан Қажмухаметұлы, бас директордың экономика және қаржы жөніндегі орынбасарызаместитель;
  • Бәшенов Айтқали Өтебайұлы, транспорт жөніндегі басқарушы;
  • Бекежанов Сенбай Нұрғалиұлы, құқықпен қамтамасыз ету департаменті директоры.

Анықтама

Бекзат Абайылданов Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ, Египеттегі Халықаралық университетті (Менеджмент және маркетинг негіздері) бітірді. И.М.Губкин атындағы РМУ мұнай және газ саласында «Мұнай-газ кәсіпкерлігін басқару» іскерлік-әкімшілік шебері мамандығы бойынша оқып жатыр.  «Каспий Нефть» АҚ, «Матин» БК ЖШС, ТОО «Арнаойл» ЖШС бас директор лауазымында және өзге мекемелерде, «Өзенмұнайгаз» ӨФ қаржы департаменті директоры, «ӨзенМұнайГаз» ААҚ бірқатар лауазымда, «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары болып жұмыс атқарды. Бірнеше ғылыми еңбектердің авторы.

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы