Рус

“Жас маман” бағдарламасы

"Жас Маман" бағдарламасына қатысу үшін үміткерлерге қойылатын талаптар:

1. Жаңаөзен қаласының тұрғыны болуы;

2. Жоғарғы оқу орнын(бакалавр, магистратура, аспирантура) күндізгі оқу формасында ҮЗДІК немесе жоғарғы оқу орнын GPA шкаласы бойынша бағасы 3,5 ден, жақын, алыс шет мемлекеттердің университетін  GPA шкаласы бойынша бағасы 3,0 төмен емес бітіргендігі жөнінде диплом иегері болуы;              

3. Жас деңгейі 35 жастан жоғары емес;

4. Жоғарғы оқу орнының рейтингісіне және ғылыми конкурстардың жеңімпаздарына, жүлдегерлеріне басымдық беріледі;

(Егер жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес үміткерлер табылмаған жағдайда  "Өзенмұнайгаз" АҚ GPA шкаласы бойынша 3,5 тен төмен емес бағамен еліміздің жоғарғы оқу орнын және Колледжді үздік дипломмен бітірген түлектер арасында таңдау жүргізуге құқылы.)     

Қабылданатын мамандық бағыттары:

1) Геология және кен орындарды игеру, Мұнай-газ ісі;

2) Мұнайгаз кәсіпшілік жабдықтарына техникалық қызмет көрсету, жөндеу (механик);

3) Экономика, бухгалтерлік есеп, қаржы.

"Жас Маман" бағдарламасы бойынша Үміткерлерді іріктеу, таңдау келесі кезеңдерден тұрады:

I-кезең

  1. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген үміткер ғаламтор арқылы ozen.kz сайтына кіріп, конкурс талаптар және ережелерімен танысқаннан кейін сайтта көрсетілген анкетаны толтырып, өзінің PDF форматында құжаттарының көшірмелерін енгізеді;
  2. "Өзенмұнайгаз" АҚ ozen.kz сайты арқылы конкурсқа қатысуға өmiніш білдірген үміткерлердің құжаттарымен танысып, конкурс ережесіне сәйкестігін тексереді;

II-кезең

  1. Құжаттар ережеге сәйкес үміткерлер мамандығы бойынша білімін тексеруге арналған тест сұрақтарына жауап береді.
  2. Тестке қатысушыға 1 caғam 20 минут уақыт 40 сұрақ беріледі, Әр сұраққа дұрыс жауап 1 ұпай болып есептеледі.

III-кезең

  1. Тест сұрақтарынан 32 баллдан төмен емес нәтиже көрсеткен үміткерлер арнайы Комиссияға сұхбаттасуға жіберіледі.
  2. Сұхбаттасу кезінде, алған мамандығы білімін тексеру мақсатында сұрақтар қойылады. Сұрақ саны 10-15 аралығында болады.

Сұхбаттасу натижесі 5 ұпайлық шкаламен есептеледі:

Қойылған сұрақтардың 91-100%-на дұрыс жауап бергенге 5 ұпай-"ЖОҒАРЫ";

Қойылған сұрақтардың 71-90%-на дұрыс жауап бергенге 4 ұпай-"ОРТАШАДАН ЖОҒАРЫ";

Қойылған сұрақтардың 31-70%-на дұрыс жауап бергенге 3 ұпай-"ОРТАША";

Қойылған сұрақтардың 10-30%-на дұрыс жауап бергенге 2 ұпай-"ОРТАШАДАН ТӨМЕН";

Қойылған сұрақтардың 10%-дан төмен дұрыс жауап бергенге 1 ұпай - "ТӨМЕН";

 Конкурс кезеңдерінен cәmmi өткен үміткерді Комиссия шешімімен "Өзенмұнайгаз"АҚ Персоналды ұсыну қызметін көрсетуші ұйымына жұмысқа қабылдауды қарастыратын болады.

 (Егер сұхбаттасу кезінде бір мамандыққа бірнеше үміткер болған жағдайда тест сұрақтары бойынша көп балл алғанға басымдық беріледi)

"Жас Маман" бағдарламасы бойынша Үміткер  ozen.kz сайтына кіріп, «Жас маман» батырмасын басу арқылы төмендегі мәліметтерден тұратын анкетаны толтырып, құжаттарын ұсынады:     

Ұсынатын мәліметтер:

  1. Аты,жөні, әкесінің аты(төл құжат бойынша);
  2. Туғаны күні, айы, жылы;
  3. Тұрғылықты жері, мекен-жайы;
  4. Бітірген оқу-орны ;
  5. Мамандық бағыты;
  6. Мамандығы;
  7. Бітірген жылы;
  8. Дипломы бойынша GPA шкаласымен баға деңгейі;
  9. Еңбек өтілі бойынша мәлімет(егер болған жағдайда);
  10. Әр түрлі ғылыми конкурстарға қатысқандығы жөнінде мәлімет

Қажетті құжаттар:            

  1. Жеке басын анықтайтын төл құжат;
  2. Психикалық диспансерден анықтама-Egov порталынан алынады. (Бұл құжат мекен-жай анықтамасының орнына жүреді)
  3. Диплом (қосымшасымен бірге);
  4. Еңбек кітапшасы(егер болған жағдайда);
  5. Резюме;
  6. Әр түрлі ғылыми конкурстарға қатысып, марапат алғандығын айқындайтын құжаттар;
  7. «Жұмысқа қабылдауға арналған іріктеуден неліктен сіз өтуіңіз керек?» тақырыбына эссе жазу (сұхбаттасу кезінде қажет етіледі)

Құрметті Жаңаөзен қаласының тұрғындары!

«Өзенмұнайгаз» АҚ «Жас Маман» бағдарламасын жариялап, ozen.kz сайтына қатысу талаптары мен ережелерін енгізген күннен бастап, 2021 жылдың қазан айының 31-ші жұлдызына дейін барлығы 797 талапкер құжаттарын жүктеді. «Өзенмұнайгаз» АҚ үміткерлерден түскен сұраныстар, құжаттар мен мәліметтермен таныса отырып, конкурс талаптарына сәйкестігі тексеріліп, нәтижесі жөнінде әрбір үміткердің электронды поштасына хабарлама жіберілген еді.

Бағдарламаны ұйымдастырушылар көпшілік тұрғындардың сұрауы негізінде құжат тапсыру мерзімін 2021 жылдың қараша айының 30-шы жұлдызы күніне дейін ұзартып отыр. Осы мерзімге дейін құжат енгізіп үлгермеген, құжат тапсыру кезінде қателіктер жіберген, құжатын толық енгізбеген және т.с.с талапкерлердің конкурсқа құжат енгізуге мүмкіндігі бар.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген жастарға ескеретін жағдай, «Жас Маман» бағдарламасының сайттағы ережесімен толық танысып, талаптарға сай келетіндігіне көз жеткізіп, содан кейін ғана құжаттарды жүктеу.

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы