Рус

Комментарийлер

Жөнелту

Закрыть форму


03 ақпан 2017Марат
Ассалаумағалайкум .Мен Чуваков Марат Болатович 2005 жылдан 2012 жылга дейн "ОзенЭнергоМунай" баскармасында жумыс жасадым .Озеннен кошип кетуме себепти жумыстан шыгып кетим озеркимен .Казйрги уакыта жумыссыз журмин симиям бар 4 балам бар ,уиде бир Анам жумыс жасайды .Көмектесуіңіздi сураймын

Құрметті Марат Болатұлы!

«Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамы Сіздің жұмысқа орналастыру туралы өтінішіңіз бойынша, бүгінгі таңда Қоғамда жұмысқа қабылдау тоқтатылып, жарияланған мораторий әлі де өз күшінде екендігін қаперіңізге береді.

Құрметпен, Дәулетжан Хасанов

"Өзенмұнайгаз" АҚ бас директоры 

23 қаңтар 2017Айгерим
Салеметсиз бе?!жас маман ретинде менин иним осы сайтты бланка толтырады. Условияга караганда шетелде битиру керек денилген. Шетелде окитын жагдай жок. Актауда Есеновта грантпен битирди 2 жыл болды жумыссыз. Содан не истеймиз карапайым халык ?! Кол жетпейтиндей арман болды го мына ОМГ. 5-6жыллан кейин жас маман катарынан да табылмай каламыз го.

Құрметті Айгерім! 

Сіз аталған жоба бойынша нақты ақпаратты 63384 телефонына хабарласып, Персоналды басқару және дамыту департаменті мамандарынан анықтай аласыз. Жоба бойынша тек шет елде білім алған азамат болуы керек деген сөз шындыққа жанаспайды. 

Құрметпен, Дәулетжан Хасанов,

"Өзенмұнайгаз" АҚ бас директоры

18 қаңтар 2017Айжамал Қажымұханқызы
Сәлеметсізбе, Дәулетжан Кеңесұлы! Мен қазіргі таңда АО КазНИПИмунайгаз мекемесінде инженер болып жұмыс жасаймын. Жоғары білімдімін, 2 жоғары оқу орнын бітірдім, енді жанұя жағдайына байланысты, Жанаөзен қаласына ауысуыма тура келіп тұр. Жанұя жағдайына байланысты болғанда, жолдасымның жұмыс орны осы Жаңаөзенде болғандықтан жәнеде ата- енем? балам үлкен кісілер болғандықтан, екі ортаға қатынау маған қиындау болып тұр.

Құрметті Айжамал Қажымұханқызы!

Сіз бұл сұрақ бойынша Персоналды басқару және дамыту департаментінің директоры Ермек Көптілеевке хабарласып, мән-жайды толығырақ біле аласыз. Байланыс телефоны: 63 187, 63 280

Құрметпен, Дәулетжан Хасанов

"Өзенмұнайгаз" АҚ бас директоры

16 қаңтар 2017Байжанов Калдыбай
Саламатсыз ба, мен Каламкас кенорны ОйлСнаб компаниясында бұрғышы маманымен жұмыс КРС-те жасаймын. Озимнин тұрғылыкты жерім Жаңаөзен. Вахтамен жұмыстамын, мүмкін болса переводпен ӨзенМұнайСервис мекемесіне ауысқым келеді. Сізден бір көмек болса деймін.

Құрметті Қалдыбай Байжанов!

"Өзенмұнайсервис" мекемесі "Өзенмұнайгаз" АҚ-ына тікелей бағынышты емес. Сол себепті, сіздің сұрағыңызды қанағаттандыруға мүмкіндік жоқ екенін хабарлаймыз.

Құрметпен, Дәулетжан Хасанов

"Өзенмұнайгаз" АҚ бас директоры

15 қаңтар 2017Нургул
Салеметсиз бе, Даулетжан Хасанов мырза? Мен, Косманбетова Нургул, 2011 жылы ал-Фараби атындагы Казак Улттык Университетин биотехнология мамандыгы бойынша тамамдадым. 2012 жылы аталмыш мамандыктын магистратурасын битирип, технолог мамандыгын иелендим. Алматы каласындагы РМК «Микробиология жане вирусология» институтында лаборант кызметин аткардым. Казирги танда Жанаозен каласында турамын, турмыстамын, еки баланын анасымын. Жумыссызбын. Сизден мамандыгым бойынша жумыска орналастыруынызды сураймын.Моратория уакыты аякталысымен осы отинишимди карастыруынызды сураймын. Рахмет.

Құрметті Нұргүл!

«Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамы Сіздің жұмысқа орналастыру туралы өтінішіңіз бойынша, бүгінгі таңда Қоғамда жұмысқа қабылдау тоқтатылып, жарияланған мораторий әлі де өз күшінде екендігін қаперіңізге береді.

Құрметпен, Дәулетжан Хасанов

"Өзенмұнайгаз" АҚ бас директоры 

14 қаңтар 2017Касым
Ассалаумагалейкум. Мен Касым Танбаев, жумыссыз журмiн казыргi танда. Мамандыгым бар,тау-кен инженерi. Тай-тай басып осы ТОО КАСКо 12 жылдан аса жумыс жасадым, бiрак мекеме жабылып калды. ТОО Каспий Ойл Газ жумыс жасадым. Олда окiнiшке орай жабылып калды. Осы Жанаозен каласынын тургынымын. Сiзден жумыс сураймын, казыр кайда барсанда резюме кабылдамайт. Уйiм бар, 3 балам бар, жолдасым декретте. 2016 май айында сокращенияга жiберген ТОО КОГ. Мунай мен газдын айналасындагы коптеген жумысты аткара аламын. Кездестiрiп собеседования откiзсенiз деймiн. ТОО КАСКо да Цех исследования и освоенияда жасадым. Оператордан инженеге дейiн. ТОО КОГта оператордан мастер по добыче болып жумыс жасадым.

Құрметті Қасым!

«Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамы Сіздің жұмысқа орналастыру туралы өтінішіңіз бойынша, бүгінгі таңда Қоғамда жұмысқа қабылдау тоқтатылып, жарияланған мораторий әлі де өз күшінде екендігін қаперіңізге береді.

Құрметпен, Дәулетжан Хасанов

"Өзенмұнайгаз" АҚ бас директоры 

09 желтоқсан 2016Осман
Мен Куватов Осман сизден жумыс сураймын.Жумыс отилим 15 жыл.Темир жолда электрмонтер жане механик болдым.Казир жумыссызбын.Туракты жумыс беруинизди отинемин.Мониторинг аякталган бойда осы отинишимди карауынызды отинемин.

Құрметті Осман!

Мораторий уақыты қашан бітетіні дәл болжанып отырған жоқ. Сол себепті, мораторий күші жойылғасын бұл туралы көпшілікке жарияланады және штатқа қызметкерлерді жұмысқа қабылдаудың әділетті жүйесі жүзеге асады.

Құрметпен, Дәулетжан Хасанов

"Өзенмұнайгаз" АҚ бас директоры

08 желтоқсан 2016Nurlan
Ассалаумагалейкум Даулет агай мен Махитов Нурлан улы еки кун бурын жумысга алып жатыр дегесин барып жазылып кеткем 4жыл болды уйде Акем жок жалгыз АНАМ олда жумысыз мен озим ар жерде жумыс жасап ешкандай береке болмады туракты жумыс болмагасын сизден жумыс сурап колыныздан келгенше жыксылыгыныз болсын АЛЛАХ разылыгы ушин комектесениз!!!

Құрметті Нұрлан!

Қазіргі таңда "Өзенмұнайгаз" АҚ-ына штаттық қызметке маман қабылданып жатқан жоқ. Осыған дейін атап өткенімдей "ҚМГ"ҰК" АҚ тарапынан мораторий жарияланып, маман қабылдау тоқтап тұр. Жұмысқа орналасу жөнінде өтініштер өте көп түседі. Алайда жоғарыдағы себептерге байланысты мұндай өтініштерді қанағаттандыруға мүмкіндік болмай отыр. 

24 қараша 2016Мереке
Даулет агай.Мен Ешманов Мереке Сапаргалиулы Энерго Нефт,Гпз мекемедеринен ток саласы бойынша.жумыс сураймыз Жануямыздын атынан 4 бала тарбиелеп отырмыз.Жумыс отилим 10 жыл.Туракты жумыс табылса деб сиздин тарапыныздан.

Құрметті Мереке Сапарғалиұлы!

Қазіргі таңда мораторийге байланысты жұмысқа маман алу тоқтап тұр. Сол себепті, осындай мақсаттағы өтініштерді орындауға мүмкіндіктің жоқ екендігін қаперіңізге беремін.

Құрметпен, Дәулетжан Хасанов

"Өзенмұнайгаз" АҚ бас директоры

17 қараша 2016Кощанов Нургали
Ассаламаликум Даулетжан ага мен сизден жумыс сурайын деп едм жагдайым жок акем шешем жумысыз баса тоо мекемелерге киргизунизди сурайм

Құрметті Нұрғали Қощанов!

Жұмысқа маман қабылдауға мораторий жариялануына байланысты қазіргі таңда Сіздің өтінішіңізді қанағаттандыруға мүмкіндік болмай отыр.

Құрметпен, Дәулетжан Хасанов

"Өзенмұнайгаз" АҚ бас директоры

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы