Рус

Комментарийлер

Жөнелту

Закрыть форму


29 қыркүйек 2016Дабысов Галымжан Алпысбайулы
Ассаламалейкум Даулетжан ага сизден отинип сурарым мени туракты жумыс орнына орналастыруынызды сураймын меним Аке шешем жок жакын арада омирден откен жалгыз озм калдм казирги танда ага женгемнын колында турамын каланын ески Шанырак шагын ауданында турамын кун корисим нашар аке мен шешемнын садакаларын зорга откизип отырмын сизден сурарым Акемнын бурынгы жасап кеткен жумыс орнына орналастырсаныз УТТ мекемесине казирги танда аяк ки1м алатында жагдайым жок тонып журмын сизге алднда да барып жолыктым Аллах разылыгы ушн комектесиншы жетим жыламасн дедиго солаи сиякты сизге сауаб болар Аллах тын калауымен

Құрметті Ғалымжан Алпысбайұлы!

Әртүрлі әлеуметтік жағдайды ескере отырып, жұмысқа орналастыру жөнінде өтініштер көп түседі. Бірақ, қазіргі таңда мораторийдің жариялануына байланысты маман қабылдауды уақытша тоқтатып отырмыз. Дегенмен Сіз түйіндемеңізді Персоналды басқару және дамыту департаментіне жолдап, оны дерекқорға енгізе аласыз. Ал жұмысқа маман қабылдау басталар болса, дерекқордағы түйіндемелер назарға алынады. 

Құрметпен, Дәулетжан Хасанов,

"Өзенмұнайгаз" АҚ бас директоры

28 қыркүйек 2016Болатбек Индибаев
Ассалаумағалайкум Даулетжан Хасенов Мен Индибаев Болатбек сизге койар сурагим..алдагы уакытта жумыска кируге мүмкіндік болама екен.

Құрметті Болатбек Индибаев!

Қазіргі таңда мораторий болғандықтан жұмысқа маман алу тоқтап тұр. Ал алдағы уақытта жұмысқа маман алу басталар болса, бұл туралы ашық жариялаймыз және жұмысқа маман қабылдаудың әділетті жүйесі енгізіліп, оны ашық хабарлаймыз. 

Құрметпен, Дәулетжан Хасанов,

"Өзенмұнайгаз" АҚ бас директоры

23 қыркүйек 2016Унгаров Талгат
Саламаликм Даулетжан Хасенов ага мен Унгаров Талгат Бакытжанулы мен сизге хат жазганмын мунайда жумыс жок болсда баска Тоо мекемелерге жумска киргизе алмайсыз ба мысалы мунай калдыктарын жинауга сизден отиниш халыққа комектесиниз сизге сенип откан адам коп.АЛЛА дан сауабин аларсыз тел 87755515149

Құрметті Талғат Бақытжанұлы!

Өзіңіз білетіндей, моратоийге байланысты "Өзенмұнайгаз" АҚ-ына жұмысқа маман алу тоқтап тұр. Ал мұнаймен былғанған топырақты тазалау бригадаларын ұйымдастыру бойынша "Жанарыс" ЖШС-імен әріптестікте жұмыс істеп жатырмыз. Біз мердігер мекемеге жұмыскерлерді жаңаөзендік тұрғындардан қабылдау жөніндегі шарт қойған едік. Қазіргі таңда, мұнай тазалау бригадаларында толықтай жаңаөзендік азаматтар еңбек етуде. Жұмыс күші қажет жағдайда "Жанарыс" ЖШС-і тек жаңаөзендік тұрғындарға ғана басымдық береді. Сол себепті, Сізге "Жанарыс" ЖШС-і жетекшілеріне хабарласып, мұнаймен былғанған топырақтарды тазарту бригадаларына жұмысқа орналасу бойынша өтініш жасауға болатынын қаперіңізге беремін. 

Құрметпен, Дәулетжан Хасанов,

"Өзенмұнайгаз" АҚ бас директоры

06 қыркүйек 2016Ертай Мейрбек
Ассалаумагалейкум Даулетжан Хасанов ага,мен Ертай Мейрбек Жолдасулы 2011жылы ОЗЕНМУНАЙГАЗ-га карасты НГДУ-2 мекемесине жолдама(обходной) аламын. Содан медикер мекемесинен медициналык сараптамадан отип НГДУ-2мекемесине барып, "ТБ"книжкиме РИТС-12 оператор 3разряд деп жазып берип, ары карай жумыска шыгармай калады. Даулетжан ага осы отинишимди РД КАЗМУНАЙГАЗ басшыларымен акылдасып шешип берунизди сураймын. Ертай Мейрбек Жолдасулы. Сот 87016828687

Құрметті Ертай Мейірбек!

Жұмысқа орналасу жөніндегі өтініштерді қанағаттандыруға мүмкіндік болмай отыр. Ал 2011 жылы қандай себеппен жұмысқа шықпай қалғаныңыз маған белгісіз. Белгілі болған жағдайда да қазіргі таңда мораторий ережелерін бұзып, жұмысқа қабылдауға құзыретіміз жоқ екенін қаперіңізге беремін. 

Құрметпен, Дәулетжан Хасанов,

"Өзенмұнайгаз" АҚ бас директоры

25 тамыз 2016Ешманов Мереке Сапаргалиулы
Саламатсыздарма.Жанаозен каласы тургын мен 1989.03.10март Ешманов Мереке Сапаргалиулы.Актобе термир жол техникум 2004 2008.Электрофикация мамандыгы.Алматы КазАктка сырттай оку болимде 2014 2017жж электромеханик мамандыгы бойынша.жумыс отилим Камкор Актобе автоматтандыру баскару электик 5 ши дарежели электрик.Сиздерден сурайтыным Мунай ток саласынан жумыс сураймыз жанямыздын атынан.4 бала табилеп отырмыз жане келиншегим жумыссызбын

Құрметті Мереке Сапарғалиұлы!

Қазіргі таңда "ҚМГ"ҰК"АҚ-ы қарасты барлық компаниялар тобына мораторий жарияланып отыр. Жұмысқа маман алу туралы өтініштерді қанағаттандыруға мүмкіндік болмай отырғанын қаперіңізге беремін. 

Құрметпен, Дәулетжан Хасанов,

"Өзенмұнайгаз" АҚ бас директоры

12 тамыз 2016Куантхан
Номер телефона: 87755652467 87755652546 Резюме Наурызбаев Куантхан Копбаевич Сведения о себе: Дата рождения: 10.06.1987г Гражданство: Республика Казахстан Национальность: Казах Семейное положение: женат Образование: Среднее техническое 2004-2005гг Пофессиональная техническая школа № 3 Специальность: Оператор нефтяных и газовых скважин Допальнительно: Водительское удостеверение категории В,С,Е Удостеверение помошника бурильщика капитального ремонта скважин 3-го раз. Удостеверение машиниста подъмника 5-го раз. Опыт роботы: 01,04,2006 - 31,07,2006г ТОО <<Атри-А>> помошник оператора 02,09,2007 – 15,01,2008г ТОО <<ЗРТК Сулпак>> грузшик 04,04,2008 – 10,04,2009г ТОО <<Аква идеал>> водитель 01,05,2009 – 05,08,2009г ТОО <<Диас Мангыстау>> водитель 11,09,2009 – 24,02,2010г ТОО <<Бейбарыс LTD>> водитель 06,04,2011 – 05,09,2011г ТОО <<Ai Bis>> пом бурильщика 3-го раз 23,12,2011 – 01,03,2012г ТОО <<Ер Бур Ойл Сервис>> машинист подъемника 5-го раз 19,10,2012 – 13,12,2012г ТОО <<Молдір мунай сервис>> машинист подъемника 5-го раз 05,01,2014 – 23,05,2016г ТОО <<КЕЗБИ>> машинист подъемника 5-го раз Знание языков: Казахский – родной Русский – свободно Цель: Устроиться на постоянную робо

Құрметті Қуантхан Копбайұлы!

Түйіндемеңізді дерекқорға енгізу үшін Персоналды басқару және дамыту департаментіне жолданғанын қаперіңізге беремін.

Құрметпен, Дәулетжан Хасанов

"Өзенмұнайгаз" АҚ бас директоры

27 шілде 2016Анарбек
Ассаламгалейкум Даулетжан Кенесулы. Сиз тагайындалган жумысынызбен куттыктайм жанеде табыстар тилеймин. Мен Жанаозен турганы Молдашев Анарбек 1992 жылы туылган. К.Сатпаев атындагы университетынын Мунай газ исин битергенмин, тагыда месторожденияда да болдым практикадан откенмин НГДУ - 2 ден. Мумкиндик болса осы оз мамандыгымнан вакансия болып жатса, жумыска орналастыруынызды отинемин.

Құрметті Анарбек!

Қазіргі таңда "ҚМГ"ҰК" АҚ-ы тарапынан мораторий жарияланды. Сол себепті, жұмысқа маман қабылдауға мүмкіндік болмай отыр.

Құрметпен, Дәулетжан Хасанов,

"Өзенмұнайгаз" АҚ бас директоры

18 шілде 2016Раушан
Сәлеметсізбе Дәулетжан Кеңесұлы.Сізді тағайындалған жұмысыңызбен құттықтаймын.Жұмысыңызға табыс тілеймін.Жемісін көріңіз!!! Мен Жаңаөзен қаласының тұрғыны Үсенова Раушан Доқторбайқызымын. Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік жəне инжинирг университетін 2015 жылы бітірген жас маманмын .Білімім жоғары.Мамандығым инженер-эколог.Оқу ақымды "ӨзенМұнайГаз"АҚ төлеген болатын.Мүмкіндік болып жатса,мамандық бойынша жұмысқа орналастыруыңызды өтінемін.

Құрметті Раушан!

Ізгі тілегіңізге үлкен рахмет!

"Өзенмұнайгаз" АҚ-ына жұмысқа орналасу жөнінде көптеген өтініштер түседі. Бірақ, осыған дейін жеткізгенімдей қазіргі таңда "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ-ына қарасты барлық компаниялар тобына жұмысқа маман қабылдауға мораторий жарияланып отыр. 

Құрметпен, Дәулетжан Хасанов

"Өзенмұнайгаз" АҚ бас директоры 

18 шілде 2016Маханбетова Актоты Оразбековна
Сəлеметсіз бе!Курметті Дəулетжан Хасанов мырза.Менің анам НГДУ-2мекемеснде 41жыл енбек еткен азаматша .Анамның əкесі Қыдырбаев Бітім мунайды алғаш ашқан азамат .Ленин ордені иегері Еңбек ері еді.Мен анам Зейнетке калды мен сол кісінің мекекмесіне жумска турам деп 3-жылдан бері жугіріп кутудемін Астана ааласндағы РД КазМунайГаз баскармасынан протокол боинша бар кужатм кеткен еді .Мен озім 3баланың анасымын жалғыз басты анамын асыраушым жок ата -анаммен турамын əкем Кайканов Оразбек 35-жыл Мунайшы болп енбек еткен казыр көзі кормит мугедектікте уйде отыр .Мен сіздің жеке кабылдауынызға кіргім келеді мумкіндік болса.Менің барлык кужаттарым НГДУ-2мекемеснде толтырылган хаттамаларым Отделкадорда бар.Мен əлі де кутудемін Сізге рахмет

Құрметті Ақтоты Оразбекқызы!

"ҚМГ"ҰК"АҚ-ы тарапынан жарияланған жұмысқа маман алу жөніндегі мораторий жақын уақыттары күшін жояды деген болжам жоқ. Сол себепті, жұмысқа орналасу жөніндегі азаматтардың өтініштерін орындауға мүмкіндік болмай отыр. 

Құрметпен, Дәулетжан Хасанов,

"Өзенмұнайгаз" АҚ бас директоры

05 шілде 2016Ермек
Курметти Даулетжан ага!мен жанаозен қаласының тұрғынымын.Казирги таңда жумысым жок.Бала шагам бар.Мына киын кыстау кезеңде жумыс табу киын боп кетті. Мунай және газ колледж орта дипломмен, жогары диплом көлік және колік коммуникацииялары мамандығын шыктым. Сiзден өтінемін еки колга бир курек тауып берiнiзшi.Сiзге Алланын нуры жаусын.Казiр маған оте киын.Бала шагам бiр аш бiр тоқ. Сiздей ел сыйлаган азаматтардан көмек сұраймын.Тек отiнерiм кол ушынызды берiнiзшi. Курметпен Убиев Ермек

Құрметті Ермек Убиев!

Өзіңіз білетіндей, жұмысқа маман алу бойынша мораторий жарияланып отыр. Сол себепті, жұмысқа орналасу бойынша келіп жатқан өтініштерді қанағаттандыруға мүмкіндік болмай отырғанын қаперіңізге беремін.

Құрметпен, Дәулетжан Хасанов 

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы