Рус

Жаңалықтар

«Өзенмұнайгаз» АҚ басшылығы 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр – Жеңіс күні мерекелеріне ардагер құрметіне іс-шара ұйымдастырды

«Өзенмұнайгаз» АҚ басшылығы 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр – Жеңіс күні мерекелеріне орай ауған соғысы, тәжік-ауған соғысы, Таулы Қарабақ қақтығысы мен Чернобыль АЭС-ін жоюға қатысқан бір топ ардагер құрметіне іс-шара ұйымдастырды.

Ақ дастарханның қадірлі қонағы болған азаматтар өздерін елеп-ескерген компания басшылығына риясыз алғысын білдірді.

– Қадірлі әріптестер! Қос мереке құтты болсын. Ерлік қай жерде болса да құрметке бөленеді. Кез келген соғыс адам төзгісіз азап әкелді. Елімізде енді қайтып қантөгіс, енді қайтып соғыс атымен болмасын, аналарымыз жыламасын. Сайраған құс, жарқыраған күн, мөлдіреген аспан үшін бәріңізге мың алғыс! Аспанымыз ашық, бейбітшілік заман болғай. Баршаңызға мықты денсаулық, мол бақыт тілеймін, – деді компания басшысы Жанболат Дилаев.

Жергілікті өнерпаздар ән мен термеден шашу шашып, қонақтарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы