Рус

Жаңалықтар

№3 МГӨБ скважиналарды жерасты жөндеу шеберлеріне «Динамограммаларды талдау» тақырыбында тәжірибелік оқу өтті.

Басқарма басшылығының бастамасымен ұйымдастырылған оқудың негізгі мақсаты – жерасты сорап қондырғыларының жұмысын бақылау және талдау дағдысын жетілдіру.

Бүгінде скважиналардың 85 пайыздан астамы тереңдік сорап қондырғыларымен жабдықталған. Осыған байланысты жерасты жабдықтарының жағдайын бақылап, сорап жұмысының тиімділігін жедел анықтауда динамометрлеу тәсілі маңызды зерттеу әдістерінің бірі саналады.

Оқуды №3 Зерттеу жұмыстары цехы бастығы Әділжан Бекбаев жүргізіп, динамограмма құрылымы, оқу тәсілі және динамограмма арқылы жерасты сораптарының жұмысын талдау жолын түсіндірді. Сонымен қатар скважинадағы ақауды анықтап, жұмыс режимінің тиімділігін бағалау бойынша мысал келтірді.

Төрт кезеңнен тұратын іс-шараға әр вахтадағы №1,5,10,13 МГӨЦ шеберлері мен технологтарын қоса есептегенде ұзынырғасы 50 адам, сондай-ақ №3 СЖЖЦ 36 шебері қатысты.

Қатысушылар пікірі бойынша оқу барысында өндірісте қолдануға болатын жаңа тәсілдер мен пайдалы ақпар ұсынылды. Нәтижесінде жабдық ақауларын уақытылы анықтауға, жөндеу шығынын азайтуға, скважиналардың тұрақты жұмысын қамтамасыз ете отырып, инженерлік талдау дағдыларын күшейтуге де ықпал етеді.

– Тәжірибелік білім мен кәсіби талдау – өндірістегі сенімді әрі тиімді жұмыстың ең маңызды бөлігі, – дейді басқарма директоры Әлібек Данабаев.

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы