Басқосуға Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы департаменті басшысының орынбасары Бауыржан Кемалов, бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары Қанағат Мыңтұрғанов, бас директордың еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі орынбасары Болат Аманбаев, басқарма директорлары мен еңбек қауіпсіздігі мамандары қатысты.
Жиында өндірістегі қауіпсіздік талаптарын күшейту, жазатайым оқиғалардың алдын алу және еңбек қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыру мәселесі талқыланды.
Әнуарбек Нұроллаұлы ҚМГ компаниялары бойынша өндірістік жарақаттану көрсеткіштеріне тоқталып, орын алған оқиғалардың себеп-салдарын саралады. Сонымен қатар қауіпсіздік бағытындағы жұмыстарды жүйелі жүргізудің маңызын атап өтті.
Болат Жанатұлы былтырғы, сондай-ақ биылғы жылдың алғашқы төрт айындағы өндірістік қауіпсіздік бойынша атқарылған жұмыстарға қысқаша тоқталып өтті.
Бауыржан Біләлұлы қауіптің алдын алу үшін тексерістерді көбейтіп, бақылауды күшейтіп және жауапкершілікті арттыру қажет екенін жеткізді.
Қатысушылар еңбек жағдайын жақсарту, кен орындардағы инфрақұрылымды дамыту бағыты бойынша ұсыныстары мен ой-пікірлерін ортаға салды.