Рус

Жаңалықтар

«Өзенмұнайгазға» іссапармен келген ҚМГ Ақтау қаласы Өкілдігінің директоры Дәурен Мұратбай Өзен және Қарамандыбас кен орындарындағы нысандардың бүгінгі жай-күйімен танысты

Компания активі қатысқан кеңейтілген жиында өндіріс көрсеткіштері мен жоспардағы міндеттер сараланды. Қатысушылар көтерілген мәселелер бойынша өзара пікір алмасып, шешу жолдарын қарастырды.

Сондай-ақ басқосуда өндірістегі процестердің тиімділігін арттыру, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және әлеуметтік-еңбек қатынастарына қатысты бірқатар маңызды сұрақ талқыланды.

Ашық әңгіме түрінде өткен кездесу қорытындысы бойынша тиісті тапсырмалар беріліп, белгіленген міндеттердің орындалуын қатаң бақылауда ұстау қажеттігі атап өтілді

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы