Ұлттық компаниясы басқарма төрағасының орынбасары Бекзат Абайылдановтың төрағалығымен өткен жиынға «Nedra Digital» компаниясының (Газпромнефть, РФ), «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және «Өзенмұнайгаз» АҚ өкілдері қатысты.
Кездесуде Nedra Digital компаниясы «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның UPSTREAM блогындағы операция моделі мен ІТ-ландшафтының қазіргі жай-күйіне кешенді талдау жүргізу жұмыстарының басталғаны жөнінде арнаулы таныстырылым жасады.
Басқосуда компанияның цифрлық шешімдері таныстырылып, өндірістік және бизнес-процестерді жетілдіре отырып, операция тиімділігін арттыру, сондай-ақ цифрлық трансформация бағытындағы өзара ықпалдастық жайы сөз болды.
Осындай маңызды кездесулер – өндіріске қатысты тиімді шешімді дер кезінде қабылдау арқылы жұмыс өнімділігін арттыра отырып, компанияны тұрақты дамытуға серпін береді.