Рус

Жаңалықтар

Құрметті әріптестер!

Сіздерді 7-мамыр Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.

Сіздерді 7-мамыр Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Қазақ елінің тыныштығы мен тұрақтылығын әуеде, құрылықта, теңізде қорғап жүрген бүгінгі күннің батырлары-ел мен жерді сақтауда жанын шүберекке түйіп, басын бәйгеге тіккен бабалар жолын абыроймен жалғастырып келеді. Қазақта «Отансыз адам-ормансыз бұлбұл» деген сөз бар.Әр қазақ баласы үшін Отанын сүюден артық мұрат та, мақсат та жоқ. «Қазақстан-жалғыз ұлы қазақтың»-деп Сабыр Адай айтпақшы, біз үшін туған жердің әр түп жусаны да, қожыр тасы да қымбат. Мемлекетіміздің қарулы күшінің мықты болуы-ел үшін үлкен мәртебе. Тәуелсіз Қазақстанның бейбітшілігін көздің қарашығындай сақтап, ұлт қауіпсіздігін қамтамасыз етіп тұрған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін! Жүрегі жалын, көзі от, көкірегінде патриоттық сезімі бар оғландарымыз көп болсын! Аспанымыз ашық, еліміз аман болсын!

Құрметпен, «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директоры Есен Өтеев   

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы