Рус

Жаңалықтар

Алпыстың асқары

Скважиналарды ағымдағы жөндеу департаменті директоры Жақсығұл Аймұратов 60 жасқа толды. Осыған орай бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары Жанболат Саймағанбетов бастаған бір топ азамат әріптеске құтты болсын айтып, игі тілегін жеткізді.

– Өзен кен орны дамуына қосып жүрген зор үлесіңіз үшін шын жүректен алғыс айтамыз. Абыройымен қиындығы қатар жүретін салада жұмысты ұйымдастыра білетін қабілетіңізді жоғары бағалаймыз. Осы қалпыңыздан таймаңыз, – деді Ж.Амангелдіұлы.

Қуанышты күні адал еңбеккер, ортасына сыйлы әріптес бола білген Ж.Бердімұратұлына ғұмырыңыз ұзағынан, көрер жақсылығыңыз молынан болсын деп тілейміз.

Әрқашанда деніңіз сау, көңіліңіз жайдары, отбасыңыз берекелі, табысыңыз мол болсын!

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы