Рус

Жаңалықтар

Көңіл айтамыз

Саналы ғұмырын Өзен және Қарамандыбас кен орындарын игеруге арнаған, ел ризығын арттыру жолында еңбек еткен Көмекбай Жаңбырбаев 72 жасына қараған шағында өмірден өтті.

1952 жылы дүниеге келіп, еңбек жолын «Өзенмұнай» кәсіпшілігінде қарапайым жөндеушіден бастаған Жаңбырбай Шененұлы қажырлы еңбектің арқасында лауазым баспалдағымен басқарма орынбасарына дейін көтерілді.

2003-2016 жылдары Химияландыру және экология басқармасы директоры қызметін абыроймен атқарып, құрметті еңбек демалысына шықты.

Мұнай саласының дамуына күш-жігерін, білігін сарп еткен марқұмның орны толмас қазасына байланысты отбасына, тумаластарына, жанашыр жақындарына қайғыра көңіл айтамыз.

Жаны жәнатта, топырағы торқа болғай! Артында қалған ұрпағы аман болсын!

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы