Рус

Жаңалықтар

Қош келдің Әз наурыз!

«Өзенмұнайгаз» табиғатты түлете келген ұлттық мейрам әз-Наурызды өте жоғары деңгейде атап өтті. Бұрғылау жұмыстары басқармасы аумағына ақ шаңқан киіз үйлер тігіліп, мол дастархан жайылды.

Мерекеге қала әкімі Жансейіт Қайнарбаев, қалалық мәслихат хатшысы Ғалым Байжанов, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасының орынбасары Нұрсейіт Союнов, бас директор Нұрдәулет Қилыбай мен кәсіподақ төрағалары қатысты. Ел азаматтары әріптестеріне құтты болсын айтып, игі тілегін жеткізді.

– Наурыз мерекесінің мәртебесін көтеріп, мазмұнын байытатын шараның куәсі болып тұрғаныма өте қуаныштымын. Ылайым ырыс-берекеміз артып, ауызбіршілігіміз нығая түссін. Басымыз аман, бауырымыз бүтін болып, жылдан-жылға аман-есен жете берейік, – деді Нұрсейіт Союнов.

Қадірменді ақсақалымыз Бегалы Озғанбаев бата берді.

Жергілікті өнерпаздар қойылым қойып, сахна төрінен әсем ән мен тәтті күй төгілді. Құшақтасып, арқа-жарқа көріскен мұнайшылар бір-біріне жақсы тілегін жаудырды.

Шара аясында ұлттық ойындардан жарыс, ұлттық киім байқауы, сұрақ-жауап сайысы өтті. Ораза ұстаған жандарға ауызашар берілді. Мереке қас қарайғанша жалғасты.

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы