Рус

Жаңалықтар

Шынықсаң шымыр боласың!

Салауатты өмір салтын ұстанатын мұнайшылар Наурыз мерекесінде арқан тарту, ләңгі тебу, қой көтеру сияқты ұлттық ойын түрінен өзара жарысты.

«Жарыста жүйрік озады, күресте күшті жығады» демекші, арқан тартудан І орын №2 МГӨБ, ІІ орын БЖБ, ІІІ орын №1 СҚКБ командалары ие болды.

Ләңгіні 98 рет тепкен Р.Көшкінбай (№1СҚКБ), 24 рет тепкен Е.Исмағұлов (АжТБ), 17 рет тепкен Н.Шүкірбеков (№1МГӨБ) жүлдегер атанып, жеңіс тұғырына көтерілді.

Қойды 74 рет көтерген №1 МГӨБ қызметкері Серік Жаңаберген жеңіске жетті. Қазақтың «Күш атасын танымас» дегені осы!

Жан алып, жан беріскен дүбірлі дода жеңімпаздарына Диплом мен қаржылай сыйлық табысталды.

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы