Рус

Жаңалықтар

Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

Қадірлі мұнайшылар!

Ел ауызы аққа, мал ауызы көкке тиетін Әз-Наурыз мерекесі баршамызға құтты болсын!

Күн мен түн теңеліп, қыс ызғары қайтып, төрт түлік мал төлдейтін бұл мерекені мұнайшылар да әспеттейді.

Бірлік пен татулықтың, еңбек пен жаңарудың жаршысы Наурызда бір-бірімізге деген өкпе-ренішімізді кешіріп, мұқтаждарға көмектесіп, жақындарымызға бақыт тілейік.

Ел тыныш, жер аман болып, әр жаңа күн шат көңіл, бақыт сыйласын!

Жеті түрлі дәмнен пісірілетін наурыз көжеден дәм татып, дуалы ауызды батагөй ақсақалдардан бата алайық.

Ұлыстың ұлы күніндегі тілегіміз қабыл болсын. Ырысымыз тасып, бағымыз жанып, беделеміз өсе бергей!

Құрметпен, «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директоры Нұрдәулет Қилыбай

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы