Рус

Жаңалықтар

Ысырапсыз көзқарас

Компания – бұл тұтынушылық құндылықтарды құруға арналған өндірістік жүйе. Қызметінің негізгі нәтижесі – мұнай, газ, мұнайдан алынған өнімдер болып табылатын өндірістік жүйеден “ҚазМұнайГазға” қарасты компаниялар тобы да тыс қалмақ емес. Өндірістік жүйені тұрақты дамыту және жетілдіріп отыру – ҚМГ басшылығы алдындағы негізгі міндеттің бірі.
 
Бүгінде ҚМГ-да қолданысқа енгізілген өндірістік жүйені қайта құру процестері басталды. Жетілдіруде негізгі басымдық – компания қызметкерлері санасындағы «Ысырапсыз көзқарас» дүниетанымының қалыптасуына беріледі.
 
Мұнай мен газ өндіру саласының көшбасшы компаниялар тәжірибесі – ысыраппен күресуге, өндіретін өнім мен көрсететін қызмет сапасын арттыруға бағытталған басқару әдістерінің тиімділігін дәлелдеді. Аталмыш басқару әдістері компания қызметінің бүкіл саласында үздіксіз жетілдіруге бағытталған өндірістік жүйенің негізін құрайды.
 
ҚМГ жаңа өндірістік жүйесін «шаңырақ» формасында ұсынуға болады. Біртұтас өндірістік жүйені құру үшін – сенімді “шаңырақтың” іргетасы, тіректері мен төбесі мықты болуы шарт.
 
Жүйе негізінде қауіпсіз және қолайлы еңбек жағдайын тудыру, қызметкерлерді дамыту, жұмыста орын алатын ысыраппен күресуге қатыстыру, ең бастысы – көшбасшылық және процестерді жетілдіру мәдениетін құру болып табылады.
 
Өндірістік жүйенің "Шаңырағын" құрудың мақсаты өзара интеграцияланған ақпараттық жүйелер негізінде компанияны басқарудың бірыңғай жүйесін құру болады.
Өндіріс жүйесін қайта құрудың мақсаты:
 қызметкерлерді тұрақты жақсартуға (жетілдіруге) бағыттау арқылы мәдениет пен менталитетті өзгерту;
 қызметкерлердің қатысуын және басқару сапасын арттыру;
 озық және үздік тәжірибелер негізінде процестерді стандарттау;
 тиімділікті арттыратын әлеует құпияларын үздіксіз іздеу;
 ысырапты жою арқылы операциялық тиімділікті арттыру;
 күнделікті іс-әрекетте үздіксіз жетілдіру процестерін қалыптастыру және енгізу;
 қызметкерлерді үздіксіз оқыту және дамыту.
Өндірістік жүйенің құралдары мен әдістеріне бейімдеу арқылы маңызды жобаны енгізу мақсатында пилоттық еншілес қоғам ретінде "Өзенмұнайгаз"АҚ таңдалды.
Сынақ сәтті өткен жағдайда өндірістік жүйе элементтері ҚМГ-ға қарасты өзге де компанияларға таратылады.
"Ысырапсыз көзқарасты" енгізу барысы туралы толығырақ ақпарды келесі жарияланымдардан оқи аласыз.
Қолдау элементтері – "тіректер" – ҚР және көптеген шетелдік компанияларда өз тиімділігін дәлелдеген құралдар мен әдістемелер өндірістік жүйеде әрекет етеді:
∙ Стандартталған жұмыс;
∙ Визуалды басқару;
∙ Жабдыққа әмбебап қызмет көрсету (TPM);
∙ "Дәл уақытында" (JIT);
∙ Құндылықтар ағыны процесінің сипаттамасы;
∙ Мәселені жүйелі шешу әдісі;
∙ Жұмыс орнында оқыту (TWI);
∙ Өндіріс процестерін теңестіру.
АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы