Осыған байланысты, Дүниежүзілік сапа күні мерекесінде кәсіпорынды дамытуға, өндірісті өркендетуге елеулі үлес қосып жүрген сала мамандары марапатталды.
Бас директордың экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Қуаныш Бекмағанбетов құттықтау сөз алып, бөлімнің қызметі мен халықаралық талапқа сай атқарылып жатқан жұмыстың маңызына тоқталды.
– Кәсіби мереке құтты болсын! Сапа менеджментін қалыптастырып, еңбекке қолайлы жағдай жасау, жұмыс тиімділігін арттыру жолында аянбай тер төгіп жүрген әрбіріңізге шексіз алғысымды білдіремін. Күш-қайратыңыз арта берсін, – деді Қуаныш Жұмағалиұлы.
Шарада сапа мамандарына бас директор Жанболат Саймағанбетовтің атынан Алғыс хат, Құрмет грамотасы және құттықтау хаты табысталды.