Рус

Жаңалықтар

«Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамына бөлінген «Жаңаөзен» стелласы жанындағы бос жерді компания саябағына айналдыру жұмысы басталды.

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында 160 түп тал егілді. Қоқыс жиналып, қоршаулар сырланды.

Игі іске бас директор Жанболат Саймағанбетов, үш кәсіподақ ұйымының төрағалары мен мұнайшылар белсенді қатысты.

Компания тарапынан аумақты көгалдандыру ісі жалғасып, қала кіреберісін жасыл желекке айналдыру жоспарланып отыр.

Болашақта бұл жер халықтың тынығып, серуендейтін жайлы демалыс орны болмақ.

 

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы