Рус

Жаңалықтар

№4 Мұнай газ өндіру басқармасындағы №105 топтық қондырғы операторларына арналған модуль ғимаратының құрылысы қарқынды жүріп жатыр.

Нысанның сыртқы жұмысы толық аяқталып, есік-терезесі орнатылып, ауласына брусчатка төселді.

Бүгінде ішін бөлу, кафель төсеу, қабырға әрлеу, тоқ тарту және жарықтандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

15 адамға шақталған нысан құрылысы биыл жыл соңына дейін аяқталып, пайдалануға берілмек. Бұл жерде жұмыс кабинеттері, демалу, киініп-шешіну, жуыну, тамақтану бөлмелері болады.

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы