Рус

Веб-порталдан тыс сатып алу

16 маусым, 2023

ӨЗЕН КЕНОРНЫНДА ТӘЖІРИБЕЛІ УЧАСКЕДЕ ОҚШАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУ ҮШІН ОПТИМАЛДЫ ХИМИЯЛЫҚ РЕАГЕНТ ТАҢДАУ

«Өзенмунайгаз» АҚ ағымдағы жылы Өзен кенорнында тәжірибелі учаскеде оқшалау жұмыстарын жүргізу мақсатында оптималды химиялық реагент таңдау үшін байқау өткізілетінін хабарлайды.

Байқау нәтижелері бойынша, 2023 жылдың III тоқсанында мұнай өндіру скважиналарында өндірістік-тәжірибелік сынақ басталады. Оған зертханалық талдау нәтижесінде таңдалған химиялық қоспаны айдаумен қатар, мердігер компания  технологияны жүргізу қызметін де атқаруы тиіс.

Жоба "ҚазМұнайГаз "ҰК" АҚ-да бекітілген НҚ ""ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ компаниялар тобының мұнай мен газ өндіруге арналған техника мен технологиялардың жаңа түрлерінің тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтарын ұйымдастыру, жүргізу және есепке алу қағидаларына (1-қосымша) және НҚ ""ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ компаниялар тобында іріктеуді, сынақтарды жүргізуді, енгізуді және енгізуді ұйымдастырудың үлгілік қағидалары және химиялық реагенттерді кіріс бақылау (2-қосымша)" сәйкес, "ҚМГИнжиниринг" ЖШС филиалы «ҚазҒЗИмұнайгаз» аккредиттелген зертханасының әдістемелері бойынша ұйымдастырылатын болады.

Лабораториялық жұмыстар барысында кіріс бақылауындағы зерттеулер, жер асты су және деэмульгатор үйлесімділігі, реологиялық зерттеулер кешені, термиялық жойылу деңгейін зерттеу, оқшалау мүмкіншіліктернің сүзу зерттеулері жүргізіледі.

ХР дайындау және айдау үшін нысаналы объектінің геологиялық-физикалық параметрлерінің жалпы ақпараты 3-қосымшада берілген (ХР тестілеуге арналған модельдік судың құрамын қоса алғанда).

Егер аталған жоба Сізді қызықтырған болса, 2023 ж. 23 маусымына дейін хат жүзінде қатысатыныңызды хабарлап №4 Тіркемеге сәйкес құжаттарды ұсынуыңыз қажет.  Зертханалық зерттеулерді бастамас бұрын «Өзенмұнайгаз» АҚ және «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС филиалы «ҚазНИПИмұнайгаз» АҚ өкілдері XP өндірушілеріне/жеткізушілеріне зертханалық зерттеулер жүргізуге мүмкіндік беру үшін ұсынылған техникалық және рұқсат беретін құжаттамаға сараптама жүргізеді.

Құжаттардың толық пакеті болмаған жағдайда, XP өндірушісіне/жеткізушіге келесі кезеңдерге өтуге рұқсат етілмейді. Конкурсқа қатысушы ретінде таңдау немесе бас тарту туралы жауап хат 10 жұмыс күні ішінде беріледі.

Сондай-ақ, мерзімдердің тығыздығына байланысты және сіз конкурсқа қатысушы ретінде таңдалсаңыз, XP прототипін оған ілеспе техникалық құжаттамамен (техникалық төлқұжат, спецификациялар, өндірістік сертификат және т.б. 4-қосымшаға сәйкес) беруге дайын болыңыз. 23.06.2023 кешіктірілмей берілуі қажет.

Қосымша сұрақтар бойынша төмендегі мамандарға хабарлассаңыз болады:

Аманиязов Абзал Демегенович – «Өзенмұнайгаз» АҚ кенорнын игеру департаменті директорының орынбасары:
Тел. +7 771 550 44 74; e-mail: A.Amaniyazov@umg.kmgep.kz

Салимгараев Ильшат Искандарович – "ҚМГИнжиниринг" ЖШС филиалы «ҚазҒЗИмұнайгаз» мұнай өңімін арттыру қызметінің сарапшысы:
Тел. +7 778 178 96 35; e-mail: Salimgarayev_I@kaznipi.kz

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы