Қаз

Комментарии

Задать вопрос

Закрыть форму


21 сентября 2016Избаева Бибигуль Балтабаевна
Курметти Даулетжан Кенесулы.Мен Избаева Бибигуль Балтабаевна мунай ондиру саласында 1985 жылдан бастап.онын 23 жылын Озен кен орнында жумыс жасап келемин.1993 жылдан бери машинист насосной станции ППД1де 2001 жылдан бастап МДжОККБ да кызмет отелим бар.Бирак менин жазган арызым дареже котеруге сураган бугинги кунге дейин он шешимин таппай келед.Етегим толып ениреп жагдай айтып баруга уяламын.Себеби мекеме басшылары талай жылдан бери коян колтык жумыстас болып келе жаткан азаматтар.барлыгы да билмей отырганы жок жануяда табыс кози жалгыз озиммин асырауымда зейнеткер шешем жане асыраушысысыз калган кызым бар.Мумкин болса маган 5 дареже беруинизге комектесин ендиги калган пенсияга 5 жыл гана уакытбар.

Құрметті Бибігүл Балтабайқызы!

Қазіргі таңда барлық басқармалар бойынша разряд мәселе жиі көтеріледі. Бірақ, қызметкерлерді жаппай жоғары разрядпен қамту мүмкін емес. Сондықтан, осы мәселе бойынша талдау жұмыстары жүріп жатыр. Талдау жұмыстарының қорытындысы бойынша жұмыскерлердің разряд жөніндегі өтініштеріне нақты жауап береміз. 

Құрметпен, Дәулетжан Хасанов,

"Өзенмұнайгаз" АҚ бас директоры

28 августа 2016Тукебаев Нурлан Заводович
Құрметті Даулетжан Кеңесұлы, Мен, Тукебаев Нурлан Заводович, „ҚазМұнайГаз“БӨ» АҚ-на қарасты «KMG»EP- Catering» ЖШС-де 8 жылдан бері аспазшы-тасымалдаушы болып жұмыс жасаймын. Ақтау қаласындағы Ш.Есенов атындағы университетінде "Геология және пайдалы кен орындарын барлау, өндіру" мамандығы бойынша жоғары оқу орнын бітірдім. «В,С» категориялы жүргізуші куәлігім де бар. Алған білімім мұнай саласына тәуелді болғандықтан, осы Өзенмұнайгаз мекемесіне аянбай еңбек еткім келеді. Мені «KMG»EP-Catering» ЖШС-нен ауыстыру арқылы «ӨзенМұнайГаз» АҚ-на қарасты мекемелерінің біріне жұмысқа орналасуыма ықпал етуіңізді сұраймын. Қазіргі таңда осындай мүмкіндік бар дейді. Болса ауыстыру тәсілі арқылы жұмысқа қалай орналасуға болады? Байланыс телефоным 87785606025

Құрметті Нұрлан Заводұлы!

"ҚМГ"БӨ" АҚ еншілес және тәуелді кәсіпорындардан ауыстыру тәсілі арқылы "Өзенмұнайгаз" АҚ-ына қажетті мамандарды толықтыру жобасы қолға алынғаны рас. Сіз бұл бойынша "KMG EP Catering" серіктестігінің кадр бөліміне және "Өзенмұнайгаз" АҚ Персоналды басқару және дамыту департаментіне хабарласып, толыққанды мағлұмат ала аласыз.

Құрметпен, Дәулетжан Хасанов,

"Өзенмұнайгаз" АҚ бас директоры

21 августа 2016Сарсенова Нуржамал
Құрметті Даулетжан Кеңесұлы, мен Сарсенова Нұржамал Бегеевна-2 бала тəрбиелеп отырған жалғызбасты ана. Жаңаөзен қаласындағы 2 орта мектебінің 26 жыл еңбек өтілі бар мұғалімімін. Қызым Ақтөбе қаласындағы Медицина Университетінің 7 курс студенті. Ұлым Сарсенов Жандос Орал қаласындағы Жəңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін - көлік, көліктік техника жəне технологиялар мамандығы бойынша оқу бітірді. Сізден ұлым Сарсенов Жандосты менің жанұя жағдайымды ескеріп,"ӨзенМұнайГаз" АҚ-на қатысты мекемелерінің біріне кез-келген жұмысқа орналасуына ықпал етіп, көмектесуіңізді сұраймын. Сіз менің осы арызымды жауапсыз қалдырмайды деп сенемін. 2016ж шілде айында Сізге почта арқылы да жұмыс сұрап хат жолдадым. Байланыс телефоным 87016773043

Құрметті Нұржамал Сәрсенова!

Жаңаөзен қаласы тұрғындарынан жұмысқа орналасу туралы өтініш-арыздар көптеп түседі. Бірақ, мораторийге байланысты, арыздарды қанағаттандыру мүмкін болмай отырғанын қаперіңізге беремін.

Құрметпен, Дәулетжан Хасанов,

"Өзенмұнайгаз" АҚ бас директоры

19 августа 2016Жумабек Атембек Азаматович
Кайырлы кун! Даулетжан Кенесулы. Мырза Мен, Жумабеков Атембек Азаматович. Озенмунайгаз мекемесине жумыска кируге мумкиндик болама? Түйіндеме жиберетин сайт болса?

Құрметті Атембек Азаматұлы!

Қазіргі таңда мораторийге байланысты "Өзенмұнайгаз" АҚ-ы маман қабылдауды тоқтатып отыр. Түйіндемеңізді сайтта көрсетілген поштаға жолдай аласыз. Құжат кадр бойынша дерекқорға енгізіледі.

Құрметпен, Дәулетжан Хасанов,

"Өзенмұнайгаз" АҚ бас директоры

17 августа 2016Аглошов Нурлан Кемалладинулы
ассаляму алейкум Даулетжа ага мен Каз гпз мекемесиде 11 жыл оперотор болып жумыс жасаймын озен мунай газ га ауыскым келеди казир аусуга болады деп естип едим мумкинба.

Құрметті Нұрлан Кемалладинұлы!

"ҚМГ"БӨ" АҚ-ына еншілес мекемелерден ауысу тәсілі арқылы "Өзенмұнайгаз" АҚ-ына өтуге болады. Сіз бұл туралы аяқтай келіп, Персоналды басқару және дамыту департаменті мамандарынан толыққанды мәлімет ала аласыз.

Құрметпен, Дәулетжан Хасанов,

"Өзенмұнайгаз" АҚ бас директоры

03 августа 2016Мусифуллин Руслан Ринатович
Даулетжан Кенесович, здравствуйте! Я представляю компанию Нафтаматика, одну из ведущих мировых компаний по автоматизации добывающих скважин с ШГН. Мы заинтересованы в работе в вашим предприятием, и для начала хотелось бы представить наши решения, провести презентацию для Ваших специалистов. Просьба подсказать, каким образом можно организовать подобную встречу, тем более что в середине августа планируем быть на Вашей земле. Спасибо за содействие!

 

Уважаемый Руслан Ринатович!

По вопросам автоматизации у нас в Обществе занимается Департамент автоматизации, информационных технологий и связи (ДАИТиС)!

По данному вопросу можете обсудить и обратиться директору ДАИТиС Джейранову Ф.Ф. по телефону 8 (72934) 65-170!

 С уважением, Даулетжан Хасанов,

Генеральный директоры АО «Озенмунайгаз» 


24 июля 2016Турганбаева Камажай Тәжібайқызы
25-07-2016. Турганбаева Камажай. Саламатсынба Дәулетжан! Мен өз отбасылық жағдайымды баяндағым келеді.2008 жылы жолдасым Насыров Бегжан кенеттен қайтыс болды.Отбасымда үш балам бар. Жолдасым УОС-3 мекемесінде бульдозер- машинист болып қызмет жасады.Осы 2008 жылдан бері мен УОС-3."ӨМГ"ДИРЕКТОРЛАРЫНА БІРНЕШЕ РЕТ ОТБАСЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫМДЫ АЙТЫП, ИМАНДЫ БІР АЗАМАТ КЕЗДЕСЕР ДЕГЕН ҮМІТПЕН ХАТ,ӨТІНІШТЕР ЖОЛДАҒАНМЫН.Бірақ ешқандай жұмыстың жоқтығын айтқан хат аламын, сол 8-жылдан бері сергелдеңде жүрмін.ОТБАСЫМЫЗҒА КІРЕТІН ТАБЫС КӨЗІ 110 МЫҢ.1998 ЖЫЛҒЫ ҚЫЗЫМ 2008-ЖЫЛДАН БЕРІ"ВИТИЛИГО РАСПРОСТРОНЕНАЯ ФОРМА И ХР. ХОЛИЦИТ" ДЕГЕН ДИОГНОЗБЕН ТІРКЕУДЕ ТҰРАДЫ.МЕМЛЕКЕТТЕН ЕШҚАНДАЙ КӨМЕК АЛМАЙМЫЗ ТЕК 6- АЙДАН БІР РЕТ ДӘРІ -ДӘРМЕК БЕРЕДІ, ҚАЛҒАН УАҚЫТТА САТЫП АЛАМЫЗ,бІЛЕСІҢІЗ ДАРИ ДАРМЕКТІҢ ҚЫМБАТ ЕКЕНіН.ЕНДІ СІЗДЕН СҰРАЙЫН ДЕГЕНІМ ҮЛКЕН ҰЛЫМ 2012 ЖЫЛЫ ЖПТК "ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕР МЕН ӨНДІРІСТІ АВТОМАТТАНДЫРУ" МАМАНДЫҒЫН "ӨМГ" КЕЛІСІМ ШАРТЫМЕН БІТІРІП ШЫҚТЫ.ОСЫ БАЛАМДЫ МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША БОЛМАСАДА, КЕЗ-КЕЛГЕН БІР ЖҰМЫС ТАУЫП БЕРСЕҢ,НҰР-НҰР БОЛАР ЕДІ. ЖАНАӨЗЕН ҚАЛАСЫ РАХАТ АУЫЛЫ АҚСУ Ш/А АҚКЕТИК КӨШЕСИ 79-ҮЙ. 87787037170

Құрметті Қамажай Тәжібайқызы!

Жұмысқа маман қабылдауға мораторий жарияланып отыр. Сол себепті, маған келіп түсіп жатқан өтініш-арыздарды қанағаттандыру мүмкін болмай отыр. Мүмкіндіктеріміздің аясы шектеулі екенін қаперіңізге беремін.

Құрметпен, Дәулетжан Хасанов,

"Өзенмұнайгаз" АҚ бас директоры

19 июля 2016Галымжан Жулдызай Галымжанкызы
Мен сизге Жанаозен каласынан хат жолдап отырмын.Менин куйеуим Тлегенов Нурлан Берикович 09.12.1989 жылы Кулсары каласында дуниеге келген Казакстаннын азаматы мен жары Галымжан Жулдызай Галымжанкызы 04.10.1991 жылы Мангистау обл дуниге келгем куйеуим екеумиз 2008 жылы неке кыйдырып отбасын курдык.Казир уакытта еки улымыз бар,улкен баламыз 7 жатса екенши Алла каласа 5ке толады.Менин куйеуим Озенмунайгаз мекемесине 2009 жылы Жумыска кирген болатын,басымызда баспана жок квартира жалдап Кун Кордик Енди аягымыздан турып баспана алайык Деп банктен несие алып куйеуминин отпускага шыккан кезинде ынгайлы патер карап журген кезимизде Аллам улкен сынак жиберип куйеуим исти болып 7жылга бас бостандыгынан айырылды.Мен колымдагы акшамды алып куйеуим турмеде калмасын Деп аягым таганша жугирип аягында алдауга тусип адвакаттын шыгарып берем Деген созине иланып бар акшамды Соган Берип еки баламмен кошеде калдым!!!Сарсенов Ерболатка да кирдик ман жайды баяндадык.Менин отбасымда болган ауыр кундер мен кыйындык ешбир жаннын басына туспесе екен деген тилегимди Алладан дуга етип сураймын.Аллам жумысынызга береке берсин!!!

Құрметті Жұлдызай Ғалымжанқызы!

Уатсап желісі арқылы да, блог арқылы да көптеген өтініштер келіп жатыр. Алайда "ҚазМұнайГаз"ҰК"АҚ-ы тарапынан мораторий жарияланып, жұмысқа маман алуға тоқтау салынып отыр. Мұны бұзу менің құзыретіме кірмейді. Сол себепті, өтініш-арыздарды қанағаттандыруға мүмкіндік болмай отыр. 

Құрметпен, Дәулетжан Хасанов,

"Өзенмұнайгаз" АҚ бас директоры

13 июля 2016Турланулы Асхат
Ассалаумағалейкум Дәулетжан аға!!! Сізді жаңа жұмыс орныңызбен құттықтаймын. Сізге зор денсаулық, отбасыңызға амандық, жұмысыңызға табыс тілеймін. Әрқашан осылай биік шыңдардан көріне беріңіз. Сіз секілді халыққа жұмыс жасайтын ер азаматтарымыз көбейе берсін. Құрметпен Тұрланұлы Асхат

Құрметті Асхан Тұрланұлы!

Ізгі тілегіңізге үлкен рахмет!

Құрметпен, Дәулетжан Хасанов

"Өзенмұнайгаз" АҚ бас директоры 

11 июля 2016Салманов Куаныш Шамшадинович
Саламатсызба Даулетжан Кенесұлы, Сіздің қабылдауыңызға қалай жазылуға болады. Кешірерсіз Сізден жарияланған мораторий қай уақытта алынатынын білуге боладыма, алынған жағдайда Сіздің АҚ тапсырылған түіндемеміз қайта қаралама? 20 жылдан аса мұнай саласында қызмет атқардым, қазіргі таңд жұмыссызбын,мен сияқты жұмыссыз жүргендерге мүмкіндік барма?

Құрметті Қуаныш Шамшадинұлы!

"ҚазМұнайГаз"ҰК" АҚ-ы тарапынан жарияланған жұмысқа маман қабылдауға қойылған мораторий таяу уақыттары күшін жояды деген болжам жоқ. Жолдаған түйіндемеңіз Персоналды басқару және дамыту департаментінің дерекқорына тіркеледі. 

Құрметпен, Дәулетжан Хасанов

"Өзенмұнайгаз" АҚ бас директоры 

АО
АО
АО «Самрук-Қазына»