Рус

Компания тарихы

Қазыналы Маңғыстаудағы ен байлықты зерттеу, барлау жұмыстары XIX ғасырдың екінші жартысында басталды. Н.И.Андрусов, М.В.Баярунас бастаған бірнеше геологиялық экспедициялар құрылып, Маңғыстаудың геологиялық картасының құрылысы жасалды. Бұл экспедицияларға Оразмағамбет Тұрмағамбетұлы белсенді қатысты. Сондай-ақ, өлке кенінің игерілуіне Қаныш Сәтбаев ерекше еңбек сіңірді.

«Өзенмұнайгаз» Акционерлік Қоғамы өткен ғасырдың 60-жылдары Өзен кенорнының ашылуына байланысты құрылды.

Өзен кенорнындағы барлау жұмыстары 1959 жылы басталды. 1960 жылы Ғазиз Әбдіразақов бригадасы алғашқы газ бұрқағын алды. Ал 1961 жылы 15-желтоқсанда Михаил Кулебякиннің бригадасы ең алғашқы мұнай бұрқағын алды.

1964 жылы 15-шілдесінде Өзен мұнай газ өндіру кәсіпшілігі құрылды. Кәсіпшіліктің алғашқы басшысы белгілі мұнайшы – Рахмет Өтесінов. 1965 жылы 15-шілдеде Өзеннің алғашқы мұнайы Атырау мұнай өңдеу зауытына жолданды.

Арада көп уақыт өтпей-ақ Өзен-Атырау-Самара мұнай құбыры іске қосылды. Өзен мұнайының теңізбен және теміржол арқылы тасымалдауы үшін Өзен-Жетібай-Ақтау мұнай құбыры іске қосылды.

16-сәуір 1996 жылы кәсіпшілік «Өзенмұнайгаз» Ашық Акционерлік Қоғамы болып қайта құрылымдалды. 1-сәуір 2004 жылы «Өзенмұнайгаз» ААҚ және «Ембімұнайгаз» ААҚ қосылуы нәтижесінде «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» Акционерлік Қоғамы құрылды. 2012 жылдың 1-шілдесінде кәсіпорын «Өзенмұнайгаз» Акционерлік Қоғамы болып қайта құрылымдалды.

Қазіргі таңда «Өзенмұнайгаз» Акционерлік Қоғамына қарасты 16 құрылымдық өндірістік басқарма бар. Оның төртеуі мұнай газ өндіру басқармасы, ал, өзге басқармалар өндіріске қосымша сервистік қызмет көрсетеді. Компанияда 9 000 аса адам жұмыс істейді. Кәсіпорын Өзен және Қарамандыбас кенорнындарын игеру үстінде.

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы