қазақша english русский
Жаңалықтар

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарлар

«Өзенмұнайгаз» АҚ «Үздік маман-2017» кәсіби шеберлік байқауының ІІ туры бойынша жеңімпаздар марапатталды. Оларға басшылық тарапынан «Алғыс хаттар» берілді. Оған қоса ақшалай сыйақы тағайындалды. Марапаттау жиынында «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директоры Б.Абайылданов: «Құрметті, байқау жеңімпаздары! Мамандардың кәсіби шеберлігін шыңдап, жігерін жанитын байқау мамандардың білімі мен біліктілігін арттырады. Практикалық сайыс сіздердің жұмысыңыздың сапасын, ал теориялық сайыс өз мамандықтарыңыздың қаншалықты деңгейде меңгергеніңізді көрсетті. Үздік маман атану үлкен жауапкершілік жүктейді. Алдағы сында  «Өзенмұнайгаз» АҚ намысын қолдан бермейді деп сенім білдіреміз»,- деді.

Жеңімпаздарды «ҚазМұнайГаз» ҰҚ» АҚ еншілес компания арасында өтетін сайыс күтіп тұр.