Рус

Жаңалықтар

Транспорт қызметкерлері мерекені атап өтті

Транспорт қызметкерлері мерекесіне орай №5 Скважиналарға қызмет көрсету басқармасында спорттық сайыс өткізілді. Басқарманың 5 автотізбегі мен 4 бөлімшесі қатысқан спорттық шарада жұмыскерлер 100 метр қашықтыққа жүгіріп, зіл тасын көтерді және арқан тартып күш сынасты. Басқарма директоры Ақмұрат Бекенов, бас инженер Омар Елеш, кәсіподақ төрағасының міндетін атқарушы Мәдихан Оңалдықов әріптестерін кәсіби мерекесімен құттықтады. «Біз аталмыш шараны салауатты өмір салтын ұстану мақсатында өткізіп отырмыз.

Кез келген компанияның болашағы оның жұмыскерлерінің денсаулығына байланысты екендігі-дәлелдеуді қажет етпейтін шындық. Шараның мақсаты-басқарма жұмыскерлерінің ауызбірлігін нығайтып, өзара сыйластығын арттыру»-деді басқарма директоры. Өте жоғары деңгейде өткен спорттық шара жүргізушілерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы