Рус

Жаңалықтар

«ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ ұйымдастыруымен 27 қазан күні әлеуметтік сала қызметкерлерінің слеті өтті

Шараға «ҚМГ»БӨ» АҚ-ына қарасты және еншілес кәсіпорындардың әлеуметтік бағытта қызмет атқарып жүрген мамандары қатысты.

Слеттің бағдарламасына сәйкес «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ аппарат басшысы Б.Асқаров, омбудсмен Б.Иманғалиев, аутсорсинг секторының аға инженері А.Жақсиева баяндама жасады.

Сонымен бірге, әлеуметтік сала қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне сәйкес келген жиында мұнай-газ саласы мамандарының өндірістік-әлеуметтік тұрмыстық жағдайын жақсарту бағытындағы еңбектері үшін бірқатар қызметкерлер марапатталды.

Шара соңында «Тұлғалардың қарым-қатынасындағы әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктер» тақырыбында тренинг өтті.

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы