Рус

Жаңалықтар

Жас мамандары арасында ІІ Спартакиада

04.11.2017ж. Елбасының "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" бағдарламасын орындау аясында, "Өзенмұнайгаз" АҚ Жұртшылықпен байланыс департаментінің ұйымдастыруымен Маңғыстау облысы мұнай-газ саласы компанияларының Жас мамандары арасында ІІ Спартакиада шарасы өтті.

Ашылу салтанатында "ӨМГ" АҚ Персоналды басқару департаменті директоры Ермек Көптлеев құттықтау сөз сөйледі. Сонымен қатар, Облыстық мұнай-газ саласы компанияларының жас мамандар кеңестері альянсы төрағасы Бауыржан Байимбетов жуырда Испания елінде өткен "Каракатэ до" спортынан әлем біріншілігінде 61 кг. салмақ дәрежесінде әлем чемпионы Еркінбек Байтөреевті құттықтап, облыстық жас мұнайшылар атынан сыйлық табыстады.

Спартакиадаға "Өзенмұнайгаз", "Өзенмұнайсервис", "Маңғыстаумұнайгаз", "Бұрғылау", "КҚС", "СӨТБ", "KMG catering", "ҚазГӨЗ", "ОСК", "ОКК", "ОТК", "МЭМ", "МТК", "АТС", "ТМС", "ТКжҰҚКБ", "ҚМТ", "ҚТТФ" командалары қатысты.

Ұлттық спорт түрлері қосылған сайыс өте тартысты әрі қызықты болды.

Шарада спорттың 5 түрінен сайысқа түскен командалардың жүлделер кестесі төмендегідей болды.

Бампербол - І орын "Маңғыстаумұнайгаз"
ІІ орын "Өзенмұнайсервис"
ІІІ орын "Өзенмұнайгаз".

Бильярд - І орын "Бұрғылау",
ІІ орын "Маңғыстаумұнайгаз"
ІІІ орын "КҚС", "СӨТБ", "KMG catering", "ҚазГӨЗ"

Аударыспақ - І орын "ОСК", "ОКК", "ОТК", "МЭМ", "МТК"
ІІ орын "КҚС", "СӨТБ", "KMG catering", "ҚазГӨЗ"
ІІІ орын "Маңғыстаумұнайгаз"

Садақ ату (Командалық Ерлер - 10 м, әйелдер - 7 м.)
І орын "Маңғыстаумұнайгаз"
ІІ орын "Өзенмұнайгаз"
ІІІ орын "Өзенмұнайсервис"

Арқан тарту І орын "Бұрғылау"
ІІ орын "ОСК", "ОКК", "ОТК", "МЭМ", "МТК"
ІІІ орын "Өзенмұнайсервис"

Жалпыкомандалық есепте І орын "Маңғыстаумұнайгаз",
ІІ орын "Бұрғылау"
ІІІ орын "Өзенмұнайгаз"

Биік болған белесі, жас мамандар кеңесі.
Таба берсін жалғасын ұрпақтарға келесі.

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы