Рус

Жаңалықтар

«Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамының өсіп-өркендеуі жолында аянбай еңбек ете жүріп, маңдай терін төккен 250 ардагер-мұнайшыға арналып мерекелік дастарқан жайылды

«Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамының өсіп-өркендеуі жолында аянбай еңбек ете жүріп, маңдай терін төккен 250 ардагер-мұнайшыға арналып мерекелік дастарқан жайылды. Сонымен бірге, күні бүгінге дейін мұнай саласында ел игілігі үшін қызмет еткен 30 мұнайшы құрмет демалысына салтанатты түрде шығарылып салынды. Құрмет демалысына шыққан азаматтарға бас директор Б.Абайылданов атынан алғыс хат пен 50 мың теңге сертификат тапсырылды. Салтанатты шараға бас директордың транспорт және әлеуметтік сұрақтар жөніндегі орынбасары Мақсат Ибағаров пен Кәсіподақ төрағасы Наурыз Сақтағанов қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

«Өзен кенорнының дамуына өлшеусіз үлес қосқан Сіздерге біз шексіз алғысымызды білдіреміз. Бейнетіңіздің зейнетін көріп, ұзақ ғұмыр кешіңіздер»-деді өз сөзінде М.Ибағаров.
Мерекеде ән мен күйден шашу шашылды. Тірлігінің ең мәртебелі мәнін еңбектен тапқан ардагерлер өздеріне құрмет көрсеткен ел азаматтарына риясыз алғыстарын білдірді.

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы