Рус

Жаңалықтар

Жас мамандар кеңесінің 5 жылдығы мерекеленді

2-3 қыркүйек күндері «Өзенмұнайгаз» АҚ Жас мамандар кеңесінің 5 жылдығы аталып өтілді. Шара аясында «Отпан» тарихи-мәдени кешенінде форум өтті. Форумда жас мамандардың бүгінге дейінгі атқарған жұмыстары көрсетілді. Кеңестің рационализаторлық жобалар байқауы бойынша жетістіктері сараланды. Маңғыстаудағы мұнай компаниялары арасынан алғашқы болып «Өзенмұұнайгаз» АҚ-да Жас мамандардың бірлестігін құруға атсалысқан азаматтар мен 5 жылдық мерекеге үлес қосқан тұлғалар марапатталды. Сондай-ақ шара өткізілген Отпанға танымдық саяхат ұйымдастырылды. Жас маманддардың концерттік бағдарламасы өтті. Одан соң жас мұнайшылар Кендірлі демалыс орнына барды. Онда квестбол стратегиялық-спорттық сайысы өткізіліп, қатысушылар жайдарманшылардың өнерін тамашалады.

Мерекеге 5 жыл бойы қоян-қолтық араласып келе жатқан «ҚазГермұнай» ЖШС, «Қарашығанақ» ЖШС, «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «Қаражанбасмұнай» АҚ, «Атырау мұнай өндіру зауыты» ЖШС жас мамадары қатысты.

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы